Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4022 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 12:42

ТҚЖБ ТҮСІНДІРЕДІ: бағдарлама Астанада қалай жүзеге асуда?

СҰРАҚ:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биыл Астанада бірде-бір үйді салымшыларына өткізген жоқ, бірақ ақшасын ай сайын алып отырады. Неге?

(Абай.kz порталының оқырманы)  

 

ЖАУАП:

Астаналық тұрғынның «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша елордадан бірде-бір пәтер берілген жоқ деп кесу айтуына негіз жоқ. Бағдарлама басталғалы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қатысуымен салынған үйлерден баспана алған отбасылар жетіп артылады. Бұл жерде біраз нәрсені ескеру керек. Біріншісі, Астана қаласынан пәтерлі болғысы келетіндердің саны өте көп. Сондықтан тұрғын үй пульіне жазылу кезегі үлкен. Екіншіден, елордада салынып жатқан үйлердің шаршы метріне қойылған баға басқа аймақтарға қарағанда жоғары. Сол себепті жинақтаушы жүйе бойынша тиісті қаржының 50 пайызын жинап үлгеруге уақыт керек. Үшіншіден, Астана еліміздің әкімшілік орталығы ретінде мыңдаған мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлер тұратын қала. Қаланың тұрғын үй қоры мақсатты пайдаланатын болғандықтан, әлеумет үшін қол жетімді тұрғын үй кезегіне сұраныс жоғары.

Бірақ, мұның бәрі Астанада «Қолжетімді тұрғын-2020» бағдарламасы жүзеге аспай жатыр деген сөз емес. Негізі, сұрақ қоюшы азамат Астанадағы  Сауран көшесінде салынып жатқан көп қабатты үйге қатысты айтып отырған болуы керек. Бұл тұрғын үйдің пайдалануға берілуі кешіктіріліп отырғаны рас. Бірақ, бұл банк тарапынан болған кедергі емес. Тұрғын үй құрылысын жүргізуге жергілікті атқарушы орган жауапты. Біз өз тарапымыздан салымшылардың қаржысына тапсырыс берушіміз. Тұрғын үй толықтай пайдалануға берілген кезден бастап баспананы бөлу кезек бойынша жүргізіліп, салымшыларымыз баспанаға қол жеткізеді. Ал, Астана қаласы әкімдігінің жауабы бойынша, Сауран көшесіндегі көп пәтерлі үйдің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс.  Бұл туралы және басқа да жаңалықтарды банктің www.hscbk.kz  сайтынан біліп отыруға болады.

Абай-ақпарат.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653