Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5458 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 15:05

ТҚЖБ ТҮСІНДІРЕДІ: тұрғын үй қоры туралы не білесіз?

СҰРАҚ:

«Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» мамандары тарапынан осы сайтта жазылып жатқан кеңестерден кейін ауылдағыларға да қалаған қаладан баспана алуға болатынын біліп жатырмыз. Рахмет. Мен өзім Өтеген батыр кентінде жұмыс істеймін, мүгедек ұлым бар. Тұрғын үй кезегінде тұрамын. Жақында барып білім ем, кезегіңіз жақын, бірақ тұрғын қорында әзір үй жоқ деп қайтарды. Менің білейін дегенім, осы тұрғын үй қоры туралы банк түсіндіріп бере ме екен?

Ләззат, Алматы облысы.

ЖАУАП:

Ләззат, жылы лебізіңізге алғыс айтамыз. Бірақ, банктің қызметкерлерінің міндетіне еліміздегі тұрғын үй саясаты жайлы түсіндіру жұмыстары кірмейді. Оны сіз барып өтініш білдірген әлеуметттік органның қызметкері түсіндіру тиіс еді. Дегенмен, сізге қажеті болып қалар деген ниетпен мына мәліметтер мен заңнамалық құжаттарды ұсынамыз: 

Тұрғын үй қоры - тұрғын үй-жайлардың, тұрғын үй және тұрғын үйге жатпайтын құрылыстардағы тұрғын үйлерге тиесілі көмекші үй-жайлардың жиынтығы. Тұрғын үй қаласының шамасы тұрғын ауданы мен жалпы аудан бойынша айқындалады.

Тұрғын үй қорына не жатады?

Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдары;

Тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердiң (жатын бөлменiң, қонақ бөлменің, балалар бөлмесiнiң, үйдегi кабинеттiң және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңдарының қосындысы;

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – ортақ мүлік болып табылатын, негізінен тұрғын үй-жайлардан, сонымен қатар тұрғын емес үй-жайлардан, басқа да бөліктерден тұратын құрылыс;

Тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдарын қосатын жеке тұрғын үй-жай;

Дара тұрғын үй – үй-жайлық жер телімінде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстары және жасыл көшеттерімен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасылық) тұруға арналған үй;

жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай;

Мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекеттік меншік құқығына жататын және жергілікті атқарушы орган (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі немесе мемлекеттік кәсіпорын (мемлекеттік кәсіпорын тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі тұрғын жай;

Сыртқы қабырға материалдары – үйдің сырты (сыртқы қабырғасы) тұрғызылған құрылыс материалдары. Егер қабырғалар бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі;

Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы – тұрғын 
үй-жайдың барлық пайдалы алаңдары және тұрғын емес үй-жайлардың барлық алаңдары, сонымен бірге ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің жеке бөліктерінің алаңдары;

Деректер бойынша бүгінде еліміздің тұрғын үй қоры 270 миллион шаршы метрді құрайды. Оның 260 миллион шаршы метрі немесе 98 пайызы жеке меншікте. Ал, көп пәтерлі үйлерлердің аумағы, яғни, кондоминимум нысандарының үлесі 157 миллион шаршы метрді құрайды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1872
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552