Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7999 0 пікір 18 Желтоқсан, 2014 сағат 14:56

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» - ИДЕЯЛАР ТОҒЫСЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиында жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» идеялар тоғысы, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова. 

«Кеше Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» - идеялар тоғысы. Ол кісінің бірінші идеясы - жолды ашып берген идея - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру. Ол бүгін бірегей институтқа айналып отыр. Баршамызды біріктіретін, баршамыздың басымызды қосатын ұйым болып шыға келді. Екінші идея - елордамызды Астана деп атауы. Үшінші идея - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». Төртінші идея - «Мәңгілік ел». Бұл бізді болашақ мақсатымызға жеткізетін жол. Міне, біз осы идеялардың арқасында бүгінде әлемге танымал егемен ел болдық. Біздің тұрақтылығымыздан, бірлігімізден, ынтымағымыздан басқа елдер үлгі алатын болады», - дейді ол.
Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекетіміз көпұлтты, көпдінді болып қана қоймай, өзінің тұрақтылығы арқасында басқа елдердің үлгі алатын мемлекеті болып табылады.
«Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз көпұлтты, көпдінді, тіпті біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бірлігі, еліміздің тұрақтылығы берік болсын. Көк аспандай көк Туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін. Елбасымыз аман болсын, барлығымыз аман болайық. Мақсаттарымызға жете берейік. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!» - деді З.Саяпова.

Абай-ақпарат.

Дереккөз: http://inform.kz/kaz/article/2728078

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577