Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2369 0 пікір 13 Мамыр, 2010 сағат 06:37

Парламент Байқоңыр тұрғындары мен персоналына медициналық қызмет көрсету тәртібі бойынша РФ-мен арадағы келісімнің бекітілуін мақұлдады

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ - Парламент сенаты бейсенбі күні кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Ресей үкiметтерінің арасында "Байқоңыр" кешенінiң персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерiнің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбі туралы келiсімді бекітуді мақұлдады.

Құжат мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қоюға жолданады.

Аталған келісімге ҚР мен РФ арасында 2009 жылы 17-ші қарашада қол қойылған. Ресей «Байқоңыр» кешенін 1994 жылдан бері жалға алып келе жатқаны белгілі. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Ресейге ғарыш айлағын жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұхартылды.

Келісімге сәйкес, ғарыш айлағының қызметкерлеріне, ресейлік ұйымдардың жұмыскерлеріне, қала тұрғындарына РФ денсаулық сақтау ұйымдары медициналық қызмет көрсетеді.

Байқоңыр қаласының аумағында жедел жәрдем тегін және азаматтығына, тұрғылықты жеріне және жұмыс істейтін орнына байланыссыз азаматтардың барлық санаттарына кейінге қалдырылмай, РФ заңнамасына сай көрсетіледі.

Ақай және Төретам тұрғындарына медициналық қызметтерді елді мекендерде орналасқан қазақстандық денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді. Олар көрсете алмаған жағдайда, ресейлік денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

«Байқоңыр» кешенінің ұйымдарында жұмыс істейтін қазақстандықтарға, қаланың жұмыс істемейтін тұрғындарына, кешен аумағында уақытша жүрген азаматтарға және ҚР ұйымдарында қызмет ететін РФ азаматтарына медициналық қызметті Ресейдің өкілетті органы көрсетеді. Бұл қызметтер үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде Қазақстан бюджетінен қаржы төленеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2073
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2116
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609