Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2511 0 пікір 13 Мамыр, 2010 сағат 06:33

Наурызда орташа жалақы жылдық көрсеткіште 9,5%-ға, Т72251 дейін көбейді

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ - 2010 жылдың наурызында бір жұмыскердің орташа номиналды жалақысы Т72251 құрап, жылдық көрсеткіште 9,5%-ға, нақты көрсеткіште 2,2%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі агенттігі.

«2010 жылдың наурызында бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 72251 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 9,5%-ға, нақты көрсеткіште 2,2%-ға өсті», - делінген статагенттіктің бейсенбідегі хабарламасында.

Статистика ведомствосының мәліметтеріне сәйкес, ең жоғары номиналды жалақы қаржы секторында - Т157 мың. Ең төмен жалақы ауылшаруашылық, балық және орман шаруашылығы салаларында - Т29,3 мың.

Аймақтарға жіктегенде, ең жоғары жалақы бұрынғысынша Атырау, Маңғыстау облыстарының және Астана қаласының тұрғындарында - тиісінше, Т141,2  мың, Т133,2 мың және Т106,43 мың.

Ең төмен жалақы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындарында - тиісінше, Т45,23 мың, Т45,94 мың және Т49,4 мың.

0 пікір