Жұма, 26 Сәуір 2024
Өз сөзі 7441 0 пікір 31 Желтоқсан, 2014 сағат 14:58

Оқырман хаты: ABAI.KZ ҰЖЫМЫНА АЛҒЫС!

Әлемдік күнтізбеге енгізілген Жаңа жыл да таяп келеді. 2014 жыл белесінде елімізде атқарылған игілікті істер жетерлік. Мен де мемлекет саясатын, соның басты ұйымдастырушысы-ірі тұлға Елбасы ұстанымын қолдап, барынша еңбек еттім.

Енді айтайын дегенім, жұртшылық менің кездейсоқ бір азамат тарапынан заңсыз қудаланып, жұмыссыз қалған жайымнан Abai.kz интернет порталында жарияланған «Егеменнің» экс-тілшісі араша сұрайды» деген жанайқайымнан толық хабардар деп ойлаймын. Негізі, бұл әлеуметтік желі жалғыз менің ғана емес, қалың бұқараның үнін жеткізер еліміздің дәл қазір алдыңғы ақпарат құралына айналды десем, артық айтқаным емес. Менің ғана балдарым емес, бүгінгі жас ұрпақ бұл уәжбен сөзсіз келіседі. Өйткені, олар құрғақ уәдеге емес, нақты іске сенім артады. Бұл тұрғыда Abai.kz әлеумет үнін билікке жеткізу бойынша өз міндетін адал атқарды деп сеніммен айта аламын.

Бір айтайын дегенім, жанайқайым әлеуметтік желіде жарияланбай тұрып, біраз мекеме басшыларына бас сұқтым. «Орын» жоқ деген қысқа жауап алғасын, Ел құрметіне бөленген ағам қазір Параламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына бар жәйді айтып барған едім. Обалы не керек, Мұрат ағам менің көзімше өзі білетін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына қоңырау шалып, өтініш айтты. Олардың да жауабы әлгіндей «орын жоқ» болды. Жалпы, біздің кәсіп бойынша дәл қазір жұмыс табу өте қиын. Сондықтан мен де бұл жәйге түсінісітікпен қараймын.

Негізінде, жақсылықты айту азаматтық парыз болып саналады. Сондықтан да менің отбасым Жаңа жыл төрімізге енер тұста қиын сәтте бізге рухани демеу берген Abai.kz ұжымына және ел ағасы Мұрат ағама, «Астана ақшамы» газетінің әдеби редакторы Мақсот аға Ізімұлына, сонымен бірге «Рауан» баспа үйінің бас  директоры Ғабит Мүсірепке амандық, істеріне сәттілік тілейді. Жалпы, барша қазақстандықтардың отбасы аман болсын!

Әмірхан Алмағанбетов.

АСТАНА. 

0 пікір