Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:51

Сәуірде қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі артты – статагенттік

Алматы. 12 мамыр. ҚазТАГ - Сәуірде дайын өнімге деген сұраныстың өсуімен бірге қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі 4%-ға артты. Сәрсенбі күні ҚР статистика жөніндегі агенттігі осындай ақпарат таратты.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2010 жылдың сәуірінде өткен аймен салыстырғанда дайын өнімге сұраныстың және өндіріс көлемі артқанын атап көрсетті, бұл олардың іскерлік белсенділіктерінің өсуіне ықпал етті. Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін көрсететін кәсіпкерлік сенімділік индексі биыл сәуірде өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, 8% құрады», - делінген хабарламада.

Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауынша, 2010 жылдың шілдесіне қарай іскерлік белсенділік артады деп болжанып отыр.

Кәсіпкерлердің келешекке көңіл-күйлерін көрсететін кәсіпкерлік сенімділік индексі сәуірде 2%-ға өсіп, 10%-ды құрады.

Сәуірде сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өзгерген жоқ, сәуірдің қорытындысы бойынша, кәсіпкерлік сенімділік индексі 11% құрады.

«Басшылардың болжамдарына сәйкес, 2010 жылдың шілдесіне дейін іскерлік белсенділік артады. Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік индексі биылғы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 3%-ға артып, 14% құрайды», -делінген ақпаратта.

0 пікір