Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2456 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:49

Қазақстан ядролық отынның халықаралық банкін құруда Үндістанның қолдауына үміттенеді

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан ядролық отынның халықаралық банкін құруда Үндістанның қолдауына үміттенеді, деп мәлім етті ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

«Біз Қазақстанда ядролық отынның халықаралық банкін құруда Үндістанның қолдауына үміттенеміз», - деді Қ. Саудабаев сәрсенбі күні үндістандық әріптесімен келіссөздерден кейінгі брифингте.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың 5 сәуірінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бақылауымен бейбіт мақсатта пайдалану үшін өз аумағында ядролық отын банкін орналастыруға дайын екені туралы ұсыныс айтты.

Қ. Саудабаев Үндістан АӨСШК ең маңызды мүшелерінің бірі болып табылатынын және осы жылдар бойы осы ұйымның жұмысына белсенді қатысып жүргенін атап өтті.

«Бүгін Үндістанның Қазақстанның БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігін қолдайтынын айтқан Кришне мырзаға (Үндістанның сыртқы істер министрі - ҚазТАГ) алғыс білдіреміз», - деді Қ. Саудабаев.

Өз кезегінде Үндістанның сыртқы істер министрі «өзара тиімді ынтымақтастықты ары қарай дамытып, жобаларды жүзеге асыру мақсатында «жол картасын» әзірлеу үшін» Астанаға келгенін жеткізді.

Оның айтуынша, Қазақстанмен ынтымақтастық энергетика, ядролық энергетика, ауыл шаруашылығы, ғарыш, фармацевтика, IT- технологиялар, сауда, инвестициялар және мәдениет салаларында дамып отыр. Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен екі ел үкіметтерінің арасында мәдениет, өнер, БАҚ, спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Шетелдік қонақ қазақстандық бизнесмендерді «инвестиция құйып, өз елінің үлкен өткізу нарығынан пайда табуға» шақырды.

0 пікір