Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2419 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:47

Мәжіліс Назарбаевқа ұлт лидері көшбасшысының мәртебесін беретін заңнамаға түзетулер жобасын мақұлдады (толықтыру 3)

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент мәжілісі сәрсенбі күні кеңейтілген отырысында кейбір конституциялық заңдарға тұңғыш президент-ұлт лидерінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасын және жекелеген заң актілеріне түзетулерді мақұлдады.

Заң жобасы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беруді қарастырады.

«Тұңғыш президент - ұлт лидері тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарауға тиіс мемлекет құрылымына, елдің ішкі және сыртқы саясатына, қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша Қазақстан халқына, мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға бастамаларымен шыға алады», - деді мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев түзетулер жобасын таныстыру барысында.

Заң жобалары мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамаларды Н. Назарбаевпен келісу қажеттілігін, оны президенттің өкілеттіктерін атқару кезінде және олар аяқталған соң жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартпауды қарастырады.

«Ұлт лидерін ұстап, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға немесе жеке тінту жүргізуге болмайды. Заң жобасымен тұңғыш президент - ұлт лидерінің заңды қызметіне кедергі жасағаны, оның бейнесін бүлдіргені, халық алдында ар-ожданына тіл тигізгені немесе ҚР тұңғыш президенті-ұлт лидерінің ар-намысына басқа әрекеттермен нұқсан келтіргені үшін жауапкершілік енгізіледі», - деді мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев.

Заң жобалары Н. Назарбаевтың және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұқпаушылық кепілдігін береді. Бұдан басқа, депутаттар Н. Назарбаевтың өміріне қастандық жасауды лаңкестік қылмыстар санатына жатқызуды ұсынды. Қазақстан елордасында тұңғыш президенттің мүсінін орнату қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық кодексі республика президентінің өміріне қастандық жасағаны үшін қылмыстық жазаны қарастырады.

«Қазақстан Республикасы президентінің өміріне қол сұғу» деген 167  бап 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасын (өмір бойы бас бостандығынан айыруды) қарастырады.

Аталған түзетулер туралы бастама көтергендердің бірі, депутат Әмзебек Жолшыбеков Н.Назарбаевқа «ұлт лидері» мәртебесін беру тұлғаға табынушылыққа алғышарт болып табылмайды. «Ұлт лидері және тұлғаға табынушылық - қарама-қайшы түсініктер», - деді Ә. Жолшыбеков.

Оның айтуынша, заң жобаларын әзірлеуге бас прокуратураның, жоғарғы соттың, әділет министрлігінің және ұлттық банктің өкілдері қатысқан.

«Әріптестеріміз 20-дан аса толықтыру мен өзгертулер ұсынды, олардың басым көпшілігі заңгерлік баяндаудың тазалығына қатысты. Біз демократиялық нормалардан күрт ауытқуларды енгізген жоқпыз», - деді мәжіліс депутаты.

0 пікір