Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2229 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:46

Назарбаевқа «ұлт лидері» мәртебесін беретін түзетулерді сенат бейсенбі күні қарайды

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ - ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күні кеңейтілген отырысында кейбір конституциялық заңдарға тұңғыш президент - ұлт лидерінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасын және ілеспе түзетулерді қарайды, деп хабарлады сәрсенбі күні палатаның баспасөз қызметі.

Заң жобасы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өкілеттіктерін регламенттеумен ұлт лидері мәртебесін беруді қарастырады.

Заң жобалары мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамаларды Н. Назарбаевпен келісу қажеттілігін, оны президенттің өкілеттіктерін атқару кезінде және олар аяқталған соң жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартпауды қарастырады.

Ұлт лидерін ұстап, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға немесе жеке тінту жүргізуге болмайды. Заң жобасымен тұңғыш президент - ұлт лидерінің заңды қызметіне кедергі жасағаны, оның бейнесін бүлдіргені, халық алдында ар-ожданына тіл тигізгені немесе ҚР тұңғыш президенті-ұлт лидерінің ар-намысына басқа әрекеттермен нұқсан келтіргені үшін жауапкершілік енгізіледі

Заң жобалары Н. Назарбаевтың және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұқпаушылық кепілдігін береді. Бұдан басқа, депутаттар Н. Назарбаевтың өміріне қастандық жасауды лаңкестік қылмыстар санатына жатқызуды ұсынды. Қазақстан елордасында тұңғыш президенттің мүсінін орнату қарастырылып отыр.

Заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтергендердің бірі, мәжіліс депутаты Әмзебек Жолшыбеков ҚазТАГ агенттігіне сұхбат беру барысында парламент түзетулерді маусым айының соңына дейін қабылдауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

0 пікір