Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2365 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:41

ҚХР азаматшасына қарақшылық шабуыл жасап, Toyota Prado көлігін тартып алған ақтөбелік ұсталды

Ақтөбе. 12 мамыр. ҚазТАГ - Ақтөбеде ҚХР азаматшасына қарақшылық шабуыл жасап, оның Toyota Prado көлігін тартып алған 19 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне облыстық ІІД хабарлады.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 10 мамырда сағат 17-лер шамасында «Мега Ақтөбе» сауда-көңіл көтеру орталығының жанында белгісіз біреу Toyota Prado қызметтік көлігінің артқы орындығына отырып, әйелдің мойнына бір затты тақап, қаланың сыртына жүруді бұйырған.

«Ол Ақтөбеде тұрып, жұмыс істейтін 31 жастағы ҚХР азаматшасынан 22 мың теңге ақшасын, Samsung ұялы телефонын тартып алған. Қала сыртына шыққанда ол әйелге жолаушылар орындығына отыруды бұйырған, осы сәтте зардап шеккен азаматша көліктен секіріп, қашып үлгерген», - деді А. Иманғалиев.

Осыдан кейін қылмыскер Toyota Prado көлігіне отырып, Богословка елді мекені бағытында кетіп қалған.

Жақын маңды тінту кезінде күдікті «Богослов шеңберінің» ауданындағы ағаш арасынан табылды.

Ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК «қарақшылық» 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1453
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1301
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1056
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1107