Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4825 0 пікір 15 Қаңтар, 2015 сағат 17:41

ЕРЛАН ҚАРИН МҰРАЖАЙҒА 70 ЖЕБЕ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының мұражайына ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин 70 жебеден тұратын өзінің жеке коллекциясын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жәдігерлер хронологиялық тұрғыдан тас дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі аралыққа жатады. Ежелгі оқтардың басым көбі – сақ, ғұн және түркі-моңғол жауынгерлерінікі. Ерлан Қариннің бұл топтаманы жинауына моңғолиялық зерттеуші Сұраған Рахметұлы үлес қосыпты.

Абай-ақпарат. 

0 пікір

Үздік материалдар