Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4485 0 пікір 16 Қаңтар, 2015 сағат 12:20

ЖАҢА ЕРЕЖЕ: «КЕНГУРУГЕ» ДЕ КЕЗЕК КЕЛДІ

Несін айтасың, биылғы қой жылының қаптаған жаңалықтары, шынын айтқанда, көпшілікке ес жиғызбай жатыр. Автокресло пен «Жол жүру ережелерінің» қайта-қайта өзгерістерге ұшырауы, куәлік-пуәлік сияқтылардың тағы өзгеруі қарапайым халықты аң-таң қылып тастады. Халық қазір жұмыс емес, «өзгерістерге ұшыраған көптеген өзгерістерді» реттеу үшін көшеге шығатын сияқты. Күлетін нәрсе емес, расында да осылай. Қаптаған өзгерістерді «қанымызға сіңіреміз» деп жүріп... қазақстандықтар тағы бір жаңалықты естерінен шығарып алғанға ұқсайды – өзге жаңалықтар сияқты, бұл жаңалық та биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген болатын.

Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтеріне қарағанда, бұдан былай қарай қазақстандықтарға өз көліктерінің алдыңғы-артқы және белдеу жақтарын темір заттармен (ресми тілде «металлический предмет» десе, қарапайым халық оны «кенгурятник» дейді) жиектеп, қоршап қоюға рұқсат жоқ. Егер 2015-ші жылға дейін автокөліктердегі «кенгурятниктерге» жол полициясында арнайы белгіленіп барып рұқсат етілетін болған болса, бұдан былай қарай бұл мәселе де ЕРЕЖЕ бұзу болып есептеледі. Ал егер, «АБАЙ.KZ-нің» құрметті оқырманы, Сіздің автокөлігіңіздегі қоршау темірлер (кенгурятниктер) 2015-ші жылға дейін жол полициясы бөлімінде арнайы белгіленіп қойылған болса, онда әлбетте, ол «кенгурятниктеріңізді» талқандап, бұзбай-ақ қоюыңызға әбден болады.

Марат МАДАЛИМОВ.

Абай.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 362
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 192
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 201
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 201