Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3690 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 12:35

НАЗАРБАЕВ Университетінде ұзақ жасаудың сыры зерттелмек

22-23 мамыр күндері  Назарбаев университетінде III «Регенеративтік медицина және сапалы ұзақ ғұмыр жасау» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді. Бұл туралы «Айқын газетіне» сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жиынның басты мақсаты - регенеративтік медицина мен сапалы ғұмыр жас мәселелерін және осы саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді талқылау болып табылады. Осы жылы конференцияның негізгі тақырыбы геронтолгия және биомедицина (регенеративтік медицина) саласындағы ғылыми жұмыстар мен инновациялық зерттеулер жүргізудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналады. Сондай-ақ Конференция аясында биомедицина мен биотехнологиялар мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектер ұсынылып, 24 жас ғалым арасында тұңғыш рет байқау ұйымдастырылмақ.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар