Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4826 0 пікір 2 Маусым, 2014 сағат 12:07

ПУТИН: ҚЫРЫМ РЕСЕЙ ТАРИХЫ ОҚУЛЫҒЫНА ЕНСІН

"Ресей президенті Владимир Путин министрлер кабинетіне Ресей тарихшыларының қауымдастығымен бірлесіп 15 тамызға дейін Ресей мемлекетінің тағдырында Қырым мен Севастопольдің рөлін айқын көрсететін тарих оқулығының концепциясын дайындауға тапсырма берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 Путиннің тапсырмасында:  "Ресей Федерациясы Үкіметі Ресей тарихшыларының қауымдастығымен бірлесіп жаңа отан тарихының оқу-әдістемелік құралына Ресей империясының, КСРО және қазіргі Ресей тағдырындағы Қырымның, сондай-ақ Севастопольдің рөлі туралы деректердің енуін қамтамасыз етсін. Мерзім - 15 тамыз 2014 жыл" делінген.

 

Абай-ақпарат 

 

0 пікір