Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6408 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 10:55

НАТО УКРАИНАҒА ӘСКЕРИ КӨМЕК БЕРЕДІ

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссеннің айтуынша, альянс Украина қарулы күштерін реформалау және модернизациялау жоспарын түзуді аяқтауға жақын. Бұл туарлы «Азаттық радиосы» хабарлады.
Брюссельде 3 маусым күні альянсқа мүше елдердің қорғаныс министрлерімен кездесуден соң мәлімдеме жасаған Расмуссен таяу арада Украинадағы реформалардың тиімділігін көтеру мен армиясын нығайтудың ұзақ мерзімдік шаралары туралы пакет дайындалатынынан хабардар еткен. Көмек пакеті жайында егжей-тегжейлі айтылмағанымен, бірқатар елдер Киевке қосымша жекелеген түрде техникалық, материалдық және кеңес түрінде қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірген.

Андерс фог Расмуссеннің сөзінше, Украинаға көмек туралы соңғы шешім осы айда альянсқа мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданбақ.

Абай-ақпарат 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1982
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2372
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1945
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571