Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 9099 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 11:27

Қалила Омаров: КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫ ҚАЙДА ЕКЕНІН БІЛЕМІН

 

Қазақстандық деректі кино режиссері Қалила Омаров Кенесары ханның басы қайда екенін топшылайды. Ол бұл құпияны өзінің ұлымен бірге түсіретін жаңа картинасында айтып бермекші, деп жазады «Экспресс-К» газетіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Қалила Кенесары хан жөнінде фильм түсіретін алғашқы режиссер емес. Ол туралы лентаны Жаңабек Жетіруов пен Марат Қоңыров та түсірген, дегенмен Омаровтар бұл жайтқа тереңірек үңілмек екен. «Қазақ халқының өкілдері арасында Кенесары жөніндегі пікірлер әрқалай, біреулер оны бостандық үшін күрескен ұлы хан деп санайды, екіншілері басқаша ұстанымда»., - дейді режиссер.

Омаровтың айтуынша, жаңа картинада қазақстандық, ресейлік және қырғыз зерттеушілерінің көзқарасы ұсынылады. Материалдарды іздестіру үшін түсіру тобы Кенесарының ордасы орналасқан жерде болды, сондай-ақ орынборлық, мәскеулік және астаналық мұрағаттарды ақтарды. Енді кинематографистер қазақ ханы жөнінде диссертация қорғаған Барнаул ғалымымен әңгімелеспек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2383
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1949
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572