Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4132 0 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 12:51

2013 ЖЫЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА 317 ОРАЛМАН КЕЛДІ

2013 жылы ата мекеніне оралған 317 қандасымыз  Атырау облысын таңдады. Оның ішінде 304-і Өзбекстаннан, 7-еуі Ресейден, 5-і Түркіменстаннан, біреуі қытайдан келген. Бұл туралы Атырау облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының бастығы Клара Мукашкереваның сөзіне сілтеме жасап Zakon.kz жазды.

Клара Мукашкереева сондай-ақ оралмандарға қатысты заң жобасына енген өзгерістер туралы айтқан.  Үкіметтің 2014 жылғы 20 наурыздағы  №248 қаулысы бойынша ата жұртқа көшіп келген қандастар мына өңірлерге қоныстандырылуы керек: Ақмола облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан  облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар және  Солтүстік Қазақстан облысы. Яғни осы өңірлерге қоныстанғандар оралман статусын ала алады. Қалған өңірлерге көшіп барғандар тұрғылықты тіркеу мен азаматтық алу жөнінде кез келген шетел азаматтарымен тең құқылы болады. Сондай-ақ төлем  қабілеттілігін растауы керек.

Өзгерістерге сәйкес, егер бұдан бұрын елімізге оралған этникалық қазақтар бес күн ішінде оралман статусын алуға, және тұрғылықты тіркеуге  өтінім жасай алатын болса, енді бұл жеңілдіктер алынып тасталған.

«Олар алдымен көші-қон полициясына тұрақты тіркеуге  тіркелуі керек, одан кейін оралман статусын ала алады. Бұл статусқа ие болғаннан кейін жоғарыда аталған өңірлерге қалауы бойынша орналасады. Онда қоныстанған соң төрт жыл ішінде азаматтық алатын болады.» - дейді Клара Мукашкереева.

Оралмандарды жұмыспен қамту бағдарламаларына сәйкес жыл басынан бері  Атырау облысына Өзбекстаннан көшіп келген 29 отбасы «оралман» статусын алған.

 

Абай-ақпарат 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2359
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1937
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1569