Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Мәйекті 7621 1 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 13:03

ҚАЛАҒАНЫҢЫЗДЫ ҚАЛАМ ҮЙРЕТЕДІ (ВИДЕО)

 

Бүгінгідей жаһандану заманында қазақ баласын қалай тәрбиелейміз? Орыстың ойыншығы мен қытайдың қуыршағын «азық» етіп жүре береміз бе? Ұлт болашағы – ұрпақ қамы үшін мемлекет не істеп жатыр, қарапайым жұрт не жасап жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын табатын уақыт келмек түгілі өтіп кетті... Ауыз толтырып айтатынымыз - Қыдырәлінің «Балбаласы» ғана ма? Айтпақшы, ұлттық дүние десе бірден Қытайдағы қазақтардың тірлігі еске түседі. Сөйлейтін әліппе, шешен домбыра, ойыншық киіз үй... Әйтеуір қолдарынан келгенін ұрпаққа ұсынып отыр. Міне, сондай тәлімі мен тәрбиесі ұшан-теңіз құралдың бірі – «Қастерлі қалам».

«Әліппе», «Өлең», «Мақал-мәтел», «Есеп», «Ертегі», «Ұлылардан ұлағат», «Әйгілі адамдар», «Жаңылтпаш», «Жұмбақ», «Білгенге маржан», «Кел, балалар, оқылық» дейтін 11 дәптерден тұратын топтаманы «Қастерлі» деп аталатын шағын ғана қалам сөйлеттіріп жібереді. Тіпті, қабырғаға іліп қоятын әліппи, киіз үйдің моделі, әртүрлі музыкалық аспаптарды қамтыған пианино – бәрі-бәріде сол «Қастерлі қаламның» арқасында әуендете жөнеледі. Ересек адам білмейтін киіз үй жабдықтарын сіз сол тоқымдай сызбадан біле аласыз. «Мынау не екен?» деп қаламды апара қойсаңыз «Басқұр» деп саңқ ете қалады. «Ал мынау не?» деп тағы бір түртіп қалсаңыз, «Бұл – кереге байлау» деп түсіндіре қояды.

Жоғарыда атаған 11 дәптердің жөні мүлдем бөлек. Балаңызға үйретем деп жүрген дүниенің бәрі сонда. «Ата» мен «Ападан» бастап, қазақтың бүкіл ертегі-аңыздарын, мақал-мәтелдерін, өлең-жырларын, есеп-қисабын, жаңылтпашын, тіпті Алаштың арғы-бергі ардақтыларының суреті мен аты-жөнін, барлық еңбегін сол  «Қастерлі қалам» айтады, балаңызға үйретеді.

«Қастерлі қалам» жобасын жүзеге асырған «Зерек бала» компаниясының директоры Талапқан Пәтіқанұлының айтуынша, бұл қазақ балалары үшін жасалған жұмыстың алғашқы баспалдағы ғана көрінеді. Бір ғана «Қастерлі қаламның» өзіндегі 11 дәптердің қатары жыл сайын толығып отырады. Қолыңызда «Қастерлі қалам» болса ғана болғаны – жаңа шыққан әрбір дәптерді тиын-тебенге сатып алып оқыта бересіз балаңызға. Ең бастысы, мұндағы дыбыстаулардың барлығын Қазақстандағы білікті дикторлар оқыған. Ал мазмұн пен әріп филолог ғалымдарының сараптауынан өтіп, қазақстандық түлектерге арнайы дайындалған. Қалам Германияның технологиясымен жасалғандықтан экологиялық тазалығы ғана емес, лақтырып жіберсеңіз сынбайтын шыдамдылығы да балар үшін аса ыңғайлы. Бастысы суға түсіп кетпесе болғаны.

 Айтпақшы, Талапқан мырза тағы бір жаңалығымен бөлісті. «Алла қаласа жақында «Менің Президентім» деген атпен тағы бір дәптер құрастырып жатырмыз. Бүгінгі жеткіншектер Қазақ елінің тұтқасын ұстаймын, елім үшін қызмет етемін деп өсу керек. Ол үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбекққорлығы мен ұлағатты сөздерін ұрпақ санасына сіңіру керекпіз. Алла қаласа бұл дәптерді 6 шілде Астана күніне дейін үлгертіп жасауға кірісіп жатырмыз. Мақсатымыз - бар дәптерді әрбір қазақ баласының қолына тигізу», – дейді ол. 

Хазірет Әбділда

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2359
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1937
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571