Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4072 0 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 13:08

ЕҚКҚ 7-8 МАУСЫМДА БЕРЛИНДЕ ӨТЕДІ

  Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Берлин қаласында маусымның 7-8-і  өтеді.

         Құрылтай аясында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «дөңгелек үстел», «Сезім шуағы» сурет және кітап көрмесі, футбол турнирі, Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған «Асық ату», қазақша күрес ойындары мен «Ана тілім – парызым» атты жас жеткіншектер арасындағы сайыс, сондай-ақ, «Алаш» азаматы, марқұм Мұстафа Шоқайдың зиратына бару жоспарланған. Аталмыш іске Берлиндегі қазақ қоғамының басшысы Бешіретхан Малабахан мен Германиядағы Қазақстан елшілігі ат салысуда.

         Қазақстан делегациясын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев басқарып барады. Делегация құрамында  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқар, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, Ер Жәнібек қорының президенті, медицина ғылымдарының докторы Махсұт Темірбаев, «СК-Астана» коперативтік қор директорының орынбасары Әсел Шілдебаева,  «Дарын» жастар сыйлығының иегері, суретші Гүлназым Өмірзақ, «Серілер» тобы, «КТК» телеарнасының тілшісі Гүлмира Әбіқаева,   т.б. өнер және қоғам қайраткерлері бар. Және де Құрылтайға Еуропаның оннан астам елінен, АҚШ, Түркиядан қазақтар келіп қатысады.

         Құрылтайдың Бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ӘАҚ.

         Алыстағы ағайынға рухани, мәдени қолдау көрсету Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі.  Ендеше, Құрылтайға сәттілік тілейік, ағайын!

 

 

Ботагөз УАТҚАН

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1931
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1748
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1528