Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4222 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 10:27

УКРАИНАДА ПУТИНДІ ТІЛДЕГЕН МИНИСТР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Дещица Жоғарғы Раданың шешімі бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz7  Дещицаны қызметінен кетіру туралы президенттің ұсынысын 319 депутат қолдады, шешім шығару үшін 226 дауыстың өзі жеткілікті болған. 

Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы болып Павел Климкин тағайындалды. Ол осы кезге дейін Украинаның Германиядағы елшісі болыпты.

Еске салайық, Андрей Дещица Ресейдің Киевтегі елшілігіне жасалған шабуылдан соң жанжалдың ортасында қалды. 14 маусымда оқиға орнына келген министр ереуілшілерге тыйым салмайтынын,  мүмкіндігі болса, өзінің де оларға қосылатынын айтты. Ол қызды-қыздымен жиналғандарға "Путин - ("пәленше")" деген ұран тастаған еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661