Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 4640 0 пікір 23 Маусым, 2014 сағат 12:07

ШЫҒЫС УКРАИНАДА МЕМТІЛ ОРЫСТІЛІ БОЛУЫ МҮМКІН

Украинадағы, әсіресе, елдің шығыс аймағындағы саяси ахуалды реттеп, қоғам өмірінде тұрақтылық қалыптастыру мақсатында Президент Порошенко осындай шешім қабылдауы мүмкін. Яғни, алдағы күндері орыс тілі Украинаның шығысында украин тілімен қатар қолданылып, мемлекеттік мәртебе иеленуі ықтимал. Бұл туралы «Еуроньюс» арнасы хабарлады. Сөйтіп, Батыс баспасөзі сепаратистер атап отырған шығысукариналықтар (бәрі емес, әрине) діттеген талаптарына жетіп қалғанға ұқсайды. Украина – біртұтас ел. Онда өзге субьектілер өмір сүрмейді. Азаттығынан айрылған Қырым татарлары ғана Украинада өзіндік ерекшеліктерімен жасап келді. Алайда, орыс тілінің үстемдігі орнаған Қырым Ресейдің аннекциялауымен қазір оқшау өлке болып тұр. Орыс саясаткерлері қит етсе, орыс тілі мен орыс адамының тұрмысын, талап-тілегін саяси ойындардың құралы етіп келген, соны бек ұққан орыстілді орта да «бесінші колонаның» тірлігінен айныған емес. Соның бірі ТМД көлемінде Украинадағы орыстілділер еді, ақыры тіл мәселесін тудырып, бұлғаққа басқан орыстілді қауым Еуроодаққа мүше болуға ұмтылған оппозицияның өзіне оппозиция болып, елде үлкен толқулар тыуып, қарулы қақтығыстарға ұласқан. Әйтседе, укаринаның тұтастығын жақтаған Порошенко билігі қазір ептеп пәрмен алып келеді. Енді ол ел ішінде әскери қимылдарды тоқтатып, тараптармен ымыраласуды қолға алып жатыр. Порошенконың бұл шешімін РФ Президенті Путин қызу қолдауда. Ол осы мәселені әріқарай талқылап, пісіре түсіру мақстында болса керек, кеше қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалып сөйлесті. Бұл жайында Крмельден тараған ақпарат көздері жазуда. «Назарбаев пен Путин Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты екі ел арасында қалыптасқан интеграция жайын қозғап, Украина мәселесіне тоқталды», дейді ақапараттар ағыны. Екі ел басшысының телефон желісіндегі әңгімесіне РФ Прмьер-министрі Медведов те қатысқан көрінеді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661