Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4728 0 пікір 23 Маусым, 2014 сағат 14:48

«ҚАРАТАУ САРЫНЫ – 2014» ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН ІІ-ші  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАРАТАУ САРЫНЫ – 2014» ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІНІҢ  АННОТАЦИЯСЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Тараз жерінде, қарт Қаратау төрінде 2014 жылдың    23-24 маусым күндері ІІ-ші Халықаралық «Қаратау сарыны – 2014» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтеді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің келісімімен, Жамбыл облысы әкімдігі мен «TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыстық филармониясы ұйымдастырып отырған бұл фестиваль алғаш рет 2013 жылы     Елордамыз-Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай жоғары деңгейде өтіп, халықтың қошеметіне ие болды.

Фестивальдің негізгі мақсаты: ұлтымыздың дәстүрлі музыкасын халыққа кеңінен насихаттап, асыл мұраны дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру, жас ұрпақтың ата мұраға деген құрметін арттыру, дәстүрлі музыкамызды шебер орындайтын жас орындаушыларды айқындап, өнер әлеміне жаңа есімдер ашып халыққа таныту, дәстүрлі музыка арқылы халықтар достастығын жандандырып, басқа да туыстас елдермен шығармашылық байланыс орнату.

Бесігін ән тербеген қазыналы Қаратау өңірі таланты таудай, арманы асқақ күміс көмей әншілер мен он саусағынан күй төгілген дәулескер күйшілер мекені. Осынау қасиетті мекеннің өнер аспанында халық әндерінің қалықтауы - рухани байлығымызға деген ел ынтасын арттыра түспек.

Фестивальдің баспасөз-конференциясы 23 маусым сағат 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт залының фойесінде өтеді және сол күні сағат 18.00-де фестивальдің ашылу салтанаты мен «Дәстүрлі күй мерекесінде» Республикамыздан, сондай-ақ шет мемлекеттерден келген дәстүрлі өнер жұлдыздары өз өнерлерімен мерекеге шашу шашпақ.

24 маусым сағат 11.00-де, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, филалогия ғылымдарының кандидаты С.Жанпейісованың «Сәуле - сарын» атты антологиялық 4 CD жинағының таныстырылымы өтеді, ал сағат 18.00-де «Дәстүрлі ән мерекесімен» фестиваль жалғасын табады.  

Фестиваль барысында осы мерекелік шараның маңызды оқиғасы халықпен бірге бір мезгілде қазақтың 10 әнін орындау салтанаты орталық «Достық» алаңында       24 маусым күні, сағат 21.00-де өтеді.

Фестивальге қатысқандар Алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталады. Гала-концертте республикамызға танымал және шет елдік дәстүрлі өнер-шеберлері өнер көрсетеді.

          Осыған орай, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін қасиетті Тараз қаласының өнер сүйер төл перзенттері бұл мерекелік шарадан шет қалмайды. Екінщі рет өткелі тұрған қазақтың халық әндерін асқақтататын мерекелік думан облысымыздың абыройы мен беделін әлем алдында арттыра түсері ақиқат.

эл.адрес  -   filarmoniyataraz@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661