Жұма, 21 Маусым 2024
Қайнайды қаның... 7491 0 пікір 23 Маусым, 2014 сағат 18:12

АБАЙДЫ МАЗАҚ ЕТУ – ҚАЗАҚТЫ МАЗАҚ ЕТУ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Бердібек Сапарбаевтың назарына!

Журналист Қанат Оралбек фейсбуктегі жеке парақшасына Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында Абай мен Михаэлиске орнатылған ескерткіштің суретін жариялады. Ескерткіштің ұсқынсыздығы сондай көрген адам ұяттан жерге кіріп кете жаздайды. Ескерткіште қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлын басын қазандай, кеудесін кереғаптай қортық етіп мүсіндеген.  Алайда, ескерткішке конкурс жариялап, оны қабылдап алған және орнатуға рұқсат берген жауапты мекеме басшыларының ұлт атасын қорлаған мұндай ескерткішті қойғызуға «ұяттары» жеткені тіптен қорқынышты.

Ал, Михаэлистің Абайға ақыл үйретіп, жол нұсқап тұрғанын қалай түсінуге болады? Бәлкім, Шығыс Қазақстан облысының атмінерлері көрші елдің көлеңкесінен қорқып, ұлтаралық татулық жолында Абайды құрбан етуді жөн деп тапқан шығар. Абайды қолжаулыққа айналдырып, саяси құрбан ету – қазақты да дәл сондай күйге түсірумен бірдей.

Абайды мазақ ету – қазақты мазақ ету. Қай заманда да.

Қара түнді жамылып, қазақты қорлайтын ескерткіш орнатқан қара ниеттілер жазасын алып, ескерткіш дереу жойылсын!

Abai.kz

0 пікір