Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5807 0 пікір 24 Маусым, 2014 сағат 08:43

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ

ҚазАқпарат сайтында  үздік журналистік жұмыстар бойынша  Қазақстан Журналистер одағының басқармасы шығарған республикалық шығармашылық конкурс қорытындылары жарияланды.

2014 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы лауреаттарының атағы БАҚ қызметкерлеріне төмендегі номинациялар бойынша берілді:
1. Репортерлік жұмыс - Амалбеков Бақбергенге, «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі; Кондратова Александраға, Солтүстік Қазақстан облыстық «Неделья СК» газетінің репортері - өңірдегі қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін.
2. Экономикалық шолу - Горбунов Сергейге «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі; Мұсабеков Ерсінге, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары - Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму туралы талдау материалдары үшін.
3. Саяси шолу - Жүнісова Жұмабикеге, «Дат-Общественная позиция» және «Новая газета - Казахстан» республикалық газеттерінің шолушысы - Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму жолдары туралы талдамалық шолулары үшін.
4. Журналистік зерттеу - Ассанжи Джулианға, австралиялық журналист-блогер - «WikiLeaks» сайтын құрғаны үшін.
5. Ізденіс материалы - Қайырханов Сабырға, Атыраудың «Ақжайық» газетінің бас редакторы - Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған материалдар сериясы үшін.
6. Телевизиялық жұмыс - Төлепберген Динаға, Шахматов Алексейге, «Коммерциялық телевизиялық арнаның» тележүргізушілері - «Астарлы ақиқат» және «Другая правда» телевизиялық бағдарламаларын ұйымдастырғаны үшін, ПИК телестудиясының ұжымына (жетекшісі Жәнібек Сүлеев) - «Бізге өзгеруге көмектесетін дәрігер-адам» деректі фильмі үшін.
7. Зерттеу жұмысы - Жаппасұлы Еркінге, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары;Тәжиева Гүлнарға, «Айқын» республикалық газетінің бөлім редакторы - еліміздің белгілі мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы туралы очерктер дайындағаны үшін.
8. Ғылыми-көпшілік жұмыс - Әлімханова Мәдинаға, КазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің шолушысы - «Шпаргалка для начинаюших журналистов» оқу құралын жасағаны үшін.
9. Медиа-жоба - «Вечерний Талдыкорган» газетінің ұжымына - Жетісудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын көрсетудегі шығармашылық ізденістері үшін.
10. Фотожұмыс - Қобланбаев Серікжанға, фоторепортер - газет және журнал беттерінде қазақстандықтардың көркем образын жасағаны үшін.

Сондай-ақ, Қазақстан журналистика академиясы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Жақыпты марапаттады.
Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атындағы сыйлықпен Қазақстанның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін қоғам қайраткері Әміржан Қосановты марапаттады.

Халықаралық «Казахстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Шерім Қайсарды марапаттады.

Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сыйлығымен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Көкішева марапатталды.

Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін: Александрдың - Астана және Қазақстан митрополитінің, Айтбаева Афризаның- Қазақстан журналистикасы ардагерінің, Арзықұлов Жеткергеннің - А.Н.Сызганов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы бас директорының, Байбосынов Жанболаттың - ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі ақпарат департаменті директоры орынбасарының, Жоров Николайдың - «Вечерний Алматы» газеті бас редакторының, Жүсіпқалиев Ибрагимнің - Орал қаласы әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысының, Есекеев Қуанышбектің - «Қазақтелеком» АҚ президентінің, Ережепов Болаттың - ҚР Халықаралық баспасөз институты ұлттық комитет төрағасының, Қарауылова Әселдің - Қазақстан баспасөз клубы президентінің, Ким Вячеславтың - «Каспий банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының, Мәженова Құдайбердінің - Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы вице-президентінің, Мұтанов Ғалымқайырдың - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының, Тоқтағазин Мұратбектің - Қазақстан бас редакторлар клубы вице-президентінің қызметтері атап өтілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661