Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2756 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 07:45

Сенат биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасын өз түзетулерімен мәжіліске қайтарды

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент сенаты бейсенбі күні кеңейтілген отырысында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, өз түзетулерімен мәжіліске қайтарды.

Сенат депутаттарының түзетулері нақтылаушы және редакциялық мәнге ие.

Заң жобасы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда үкіметтің биоотын өндірісіне тағамдық шикізаттарды пайдалануға квота белгілеу және өндірістің шекті көлемін анықтау құқығын қарастырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда биоотын өндірісі үшін 3-ші сыныпты азық-түлік бидайы пайдаланылады.

Бұған дейін сенаторларға ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев түсіндіргендей, мұндай мемлекеттік реттеу Қазақстанда биоотын өндірісі өседі деген болжаммен, осыған байланысты шикізатқа деген сұраныс арту мүмкіндігіне байланысты қажет.

Оның мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы республикада 35 мың тонна биоэтанол шығарылды. Келешекте бұл көрсеткіш 2 млрд литрге дейін артады, дейді министр.

Қазақстанда өнімнің бұл түрін шығаратын жалғыз өндіруші бар.

Сондай-ақ, сенат заңға ілеспе түзетулер жобасын екінші оқылымда қарап, өз өзгертулерімен мәжіліске қайтарды.

0 пікір