Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4553 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 09:14

ҚАЗАҚСТАН БЕЛАРУСЬ ПЕН РЕСЕЙДЕН ЖАҚСЫ ЕЛ

Жақсы елдердің рейтингінде Қазақстан 80-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жақсы елдердің тізімін саясат жөніндегі тәуелсіз кеңесші Саймон Анхольт жасаған. Оның ақпараты бойынша Беларусь 82-орында, ал Ресей 95-орында.

Рейтингте әрбір мемлекет білім мен технология, мәдениет, халықаралық достық пен қауіпсіздік, ғаламшар және оның ахуалы, адамдардың өмір сүру жағдайы мен тепе-теңдігі, денсаулығы, байлығы жөнінде бағаланған. Бұл тізімде Қазақстан денсаулық сақтау және игі істерді атқару айқындамасында – ең жоғары сатыда. Біздің Республикамыз азық түлік тасымалдап халықаралық көмек және қаржылық қайырымдылық көрсеткені үшін, есірткі бизнесіне  қарсы тұрып, ДДСҰ-ны қаржыландырғаны үшін 23-орынды иеленген. Бұдан да жоғары орыннан көріну үшін бізге дәрі-дәрімек экспортының жоқтығы кері әсерін тигізген. 

Айта кетейік, жақсы мемлекеттердің рейтингіне 125 елдің көрсеткіштері кірген. Бұл тізімде бірінші орында - Ирландия, екінші орында - Ливия. Ол мемлекеттердің барлығы да адамзаттың игілігі үшін жасаған әрекеттерімен бағаланған.

Абай-ақпарат

0 пікір