Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5774 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 09:50

ПУТИННІҢ СУРЕТІ БАР АЛТЫН IPHONE САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

Ресейде алтынмен апталған iPhone смартфондары сатылымға шығарылды.  Baq.kz-тің жазуынша оның бір бетінде РФ президенті Владимир Путиннің портреті мен Ресей әнұранының мәтіні бейнеленген. 

Бұл өнімдер италиялық Perla Penna зергерлік шеберханасында жасалыпты және Caviar брендімен сатылып жатыр.
Дәл осындай бір смартфонның құны 147 мың рубль (4,3 мың доллар). Сатылымға оның небәрі 4 данасы шығарылады екен.
iPhone-ның артыңғы бөлігі 18 карат алтынмен апталған. Онда В.Путин мен РФ әнұранының мәтіні ойылып жазылыпты.
Шығарушы компания өкілдері алтын смартфондардың сатып алушылары табылып қойылғанын айтады. Олардың қатарында патриот шенеуніктер мен ірі компания менеджерлері бар.  

Абай-ақпарат

 

0 пікір