Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5915 0 пікір 27 Маусым, 2014 сағат 09:28

М.ШАХАНОВ «АҢЫЗ АДАМҒА» КУӘГЕР БОЛДЫ

Қазіргі Қазақстанның, оның білермен билігінің қаншалықты керемет болғандығын тарихта қалдыратын атышулы сот жалғасып жатыр. Өлі Гитлер бар, тірі ардегерлер бар... Жабылып Жарлықап Қалыбайды соттамақ.

Кезекті тыңдау кеше Алмалы аудандық сотында өтті. Оған Қазақ баспасөзінің өкілдері және куәгер ретінде ақын Мұхтар Шаханов қатысты. «Аңыз адам» журналын жауапқа тартушы жақтың өкілі Ахметовтің талап-арызды «нақтылап» келуіне байланысты жарыссөз кейінге шегерілді. Сондағы нақтылау бұрынғы талап-арыздағы «Жариялы түрде кешірім сұрасын» деген сөйлемнің қатарына «Кешірім сұраудың мәтінін БАҚ беттерінде жарияласын» деген жаңа тілек айтыпты. Куәгер ретінде тартылған М.Шаханов мырза «Адамзат қасіреті» деп ат қойып, Гитлердің  барлық зұлымдығын ашып көрсеткен «Аңыз адам» журналын сотқа тарту – ең масқара, жаптым жала, жақтым күйенің өзі» деп отыр. «Мұндай сорақылық тек Қазақстанда ғана болатын шығар, сондықтан Сот төрағасы әділ шешім шығарыңыз» деп кесіп айтты.

Сөйтіп, бүгінгі жарыссөз сағат 11:00-де Алмалы аудандық сотында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 267-үй, 5-зал. (Тілендиев көшесінің қиылысы, «Каспий» мейрамханасының артында). 

"Абай-ақпарат"

0 пікір