Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2518 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 07:38

Астанада жоғары лауазымды шенеуніктің қызметтік көлігі жол-көлік апатына ұшырады

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ - Астананың сол жағалауында Конституциялық кеңестің жоғары лауазымды шенеунігінің қызметтік көлігі жол-көлік апатына ұшырады. Бұл ақпаратты ҚазТАГ агенттігіне КК басшысы Игорь Роговтың қабылдау бөлмесіндегілер қуаттады.

«ЖКА болғанын қуаттаймыз. Бірақ ол көлік біздің баланста жоқ, ол ҚР президентінің істерін басқару шаруашылық басқармасына тиесілі», - деп сендірді И. Рогов қабылдауының өкілдері. 

Астана ІІД қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Ал «Свобода слова» газетінің хабарлауынша, ЖКА-ға бұл күні И. Роговты елорда әуежайынан күтіп алуға тиіс автокөлік ұшыраған.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Mercedes қызметтік көлігінің жүргізушісі қосалқы көшелердің бірінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылып бара жатқан.

«Оған қарсы Дастан Қуандықов достарымен бірге мініп келе жатқан көлік кездескен, Mercedes оны өткізіп жіберуге тиіс болатын. Нәтижесінде Д. Қуандықов қызметтік көліктің бүйіріне соғылды. Mercedes өртене бастады», - деп жазады басылым апатқа ұшырағандарға сілтеме жасап. 

Газеттің хабарлауынша, салонда И. Роговтың көмекшісі отырған, оны өртеніп жатқан Mercedes-тің ішінен алып шыққан. Балтыры сынып, басынан жарақат алған ол қазір ауруханаа жатыр.

Газеттің хабарлауынша, «іс материалдары жедел түрде арнайы прокуратураға беріліп, жарияланбай отыр».

0 пікір