Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 14358 0 пікір 15 Шілде, 2014 сағат 10:41

ҚазМҰУ – ең үздік оқу орыны

Қазақстанның білім беру сапасын сараптайтын  тәуелсіз агенттік әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді  еліміздегі ең үздік оқу орыны деп танып отыр. Аталған агенттіктің қортындысы бойынша, ҚазМҰУ көп салалы білім беретін ЖОО-лар арасында алғашқы орынды иеленсе, одан кейінгі сатыға Еуразия ұлттық университеті мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы М. Әуезов атындағы мемлекеттік университет көтеріліпті. Техникалық ЖОО-лар арасында Қазақстан-Британ техникалық университеті қара үзіп тұр. Қазақстан-Британнан кейінгі орынды Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Ұлттық аграрлық университет және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өзара бөлісіпті.   Педагогикалық ЖОО-лардың жоғары сатысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетіне бұйырыпты. Абайдан кейінгі орындар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына тиіген көрінеді. Медициналық ЖОО-лар бойынша:  Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Семейдегі мемлекеттік медициналық университет үздік аталыпты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1424
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1263
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1079