Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Қорған 5338 0 пікір 16 Шілде, 2014 сағат 12:05

ОРАЗА - МАХАББАТ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ АЙЫ

   

Дәстүрлі қазақ түсінігіндегі "Таспен атқанды аспен ат" деген адамгершыліктің ең жоғарғы шыңын насихаттаған ұғым бүгінде көнеріп, орнын материялдық құндылықтар басып бара жатқаны бәріне аян. Бұл ой мұсылманшылығымыздан адасып барамыз дегенді білдірмесе керекті. Дегенмен де қазақи қонақжай, мал, дүниеден ар иманы мен намысын жоғары қоятын мінез құлқымыздың орнын басқа өркениеттің мәдениті мен мінез-құлқы жаулай бастады деген сөз. Осы қазақи болмысымызға жат құндылықтар бүгінде ашық ақпарат кеңістігінде жаппай жарнамалаудың әсерінен екені белгілі. Соның салдарынан қоғамда адамдар арасында сүйіспеншілік пен мейірімділік секілді рухани құндылықтар азайып, бір-бірімен дүние, байлық үшін ғана сыйласып, әр қандай жағдайда материалдық жарысқа түсетін әдеттер күннен-күнге көбейіп келеді. Әрине мұндай мұсылманға жат әдеттер Жаратушыға деген махаббат адам бойында орын алмаған жағдайда болатыны заңдылық.

Сүйіспеншілік - адамзатқа берген Аллаһтың нұры. Жаратушы Аллаһ Құранда: "Күдіксіз иман келтіріп, жақсылық жасағандарға Аллаһ сүйіспеншілікпе қарайды" деген аяты арқылы адам баласын өз махаббатымен жаратып, оны жер бетінде жамандық атаулыдан тиды.

Бұл туралы дана Абай "Махаббатсыз дүние бос..." деп, сүйіспеншілік пен махаббат болмаса онда әлемді қара түнек басып, адамдар арсыздыққа, түрлі жамандық атаулыға жол беретінін ескертеді.

Махаббат адамның жүрегінде ұя салса, иман сол жүрекке ғана тұрақтайды. Хз. пайғамбарымыз (с.ғ.с)  "Денеде жұдырықтай бір кесек ет бар. Егер ол таза болса – бүкіл дене таза болып, өте көркем болады. Егер ол бұзылып, хақтан тайып, жаман жолға кетсе, бүкіл дене бұзылады. Біліңдер және өте мұқият болыңдар, оның аты – жүрек!",-десе, "Мұсылманшылық кімде жоқ тілді бар да ділде жоқ ",- деп Әбубәкір Кердері адам баласының болмысына біткен жүректегі иманды махаббат болмаса оның иманы кәміл болмағанын айтады.

Дін тек сыртқы пішінде тұрмайтыны да белгілі. Оның сыртқы келбеті болса демек оның ішкі мазмұны да бар деген сөз. Діннің ішкі мазмұны ол адамның барлық жаратылысқа деген сүйіспеншілігі. Сүйіспеншілік пен махаббат орын алмаған жүректе ыза, кек, жеккөрушілік пен арсыздық басқада жаман әдеттердің бас көтертіні белгілі.

"Алдыңғы үшті бекітпей соңғы төрті,

Қылғанменде татымды бермес жеміс" деп Абай имани гүлді яғни үш сүю Алланы сүю, адамды сүю, әділетті сүю ді айтса соңғы төрті ол намаз, руза, зекет, хажды айтқаны. Алдыңғы үшеуі сенің жүрегінде болмаса онда жасаған құлшылықтың бәрі бекерлігін осылай суреттеген.

Иманды пенденің маңайына жамандық атаулы жоламайтыны белглілі. Оның тұла бойына ізілік пен имандылық ар мен ұят ұялап жалпы жаратылыс атаулыға еш зияны тимейді. Бұл туралы Ы. Алтынсарин:

"Иманды ер Құдайынан ұялады,

Ұялып иесінен сый алады.

Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,

Кәріп көңілі бір сыңғақ пияла-ды..." мына жалған өмірде еш адам баласына тіпті жаратылыс атаулыға жамандақ жасамауды өсиет етеді.

Олай болса Алланы сүю адамды сүю, жаратылысты сүю - әрбір иманды құлдың ісі болмақ.

Қазіргі уақытта діннің жалаң сыртқы бейнесін насихаттау салдарынан әлемде дінді бет перде ретінде ұстап түрлі адамзат атаулыға жамандық жасап жүргендерден қаншама мұсылман жапа шегуде. Діннің сыртқы

Қасиетті ораза айы тек ішіп жеуден тыйылу ғана емес, сонымен бірге махаббат пен сүйіспеншіліктің айы. Осы айда әр бір жүрек махаббат пен ізглікке толы болсын. Жан баласына жамандық тілемейік себебі хз. пайғамбарымыздың (с.ғ.с) "Өзіңе тілімегенді өзгеге тілеме" деген өмірлік қағидасы бар. Кісіге қиянат жасау пайғамбардың жолы (сүннеті) емес. Бұл туралы Ясауи бабымыздың: "Сүннет емес кәпірде болса берме азар", деп зікір еткен ақиқат жолынан адаспайық! Ораза қабыл болып, тілек ортақ ел аман жұртымыз тыныш болсын.  

Таңжарық Тұрғанқұлов

дінтанушы

«Жийде» қоғамдық қоры

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1561
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1187
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1182