Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5069 0 пікір 16 Шілде, 2014 сағат 16:59

44 миллионға жуық сома мемлекет қазынасына қайтарылды

Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен, «Ақмола  облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің «Таукен-Степногор» ЖШС-не көлемі 43 956 720 теңге болатын ауылшаруашылық өндіріс ысырабының орнын толтыру туралы талабы қанағаттандырылды. Сот шешімі жеке сот орындаушысы Амантай Дайыровқа тапсырылды. Осы атқару өндірісі бойынша үш жылға созылған жұмыс сәтті аяқталып, талап етілген сома толық көлемде өндірілді.

Аумағы 434,7 гектар болатын ауылшаруашылық жер телімдері Ақмола облыстық Әкімдігінің қаулысына сәйкес, «Таукен-Степногор» ЖШС-не 2009 жылдың маусымында 5 жылға жалға берілген еді. Жалданған жердің бір бөлігінде алтын кені болған. Алайда, қойнауында алтыны бар аумақта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, уақыт өте жер телімдері құндылығынан айрылып, жарамсыз күйге түскен. Талап құжатында «Таукен-Степногор» ЖШС келтірген ауылшаруашылық өндіріс ысырабы 43 956 720 теңге деп анықталды.

«Ақмола  облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мен «Таукен-Степногор» ЖШС арасындағы сот дауы 5 жылға жуық жалғасты. Әкімдіктің «Таукен-Степногор»-ға көп мәрте жолдаған ескертулері еленбеген.

Қазіргі уақытта атқару өндірісі толық көлемде орындалып, өндірілген сома республикалық бюджетке қайтарылды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1200