Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4538 0 пікір 17 Шілде, 2014 сағат 12:49

ЖЕРСЕРІК ЖЕР ИІСКЕТІП КЕТТІ МЕ, НЕМЕНЕ?...

Редакциямызға белгілі қоғам қайраткері, АйТи-инженер Жанат Аймағановтан еліміздің жерсеріктік байланысы мен телеарналар өнімін тарату жөнінде ашына жазған бір буда орысша материал түсті. Соның қысқаша мазмұнын қазақшалап беруді жөн көрдік. Кейбір деректері мен дәйектері былтырғы болса да, ескіре қойған жоқ.

 

Мені алаңдататыны – шетелдегі біздің қандастарымыз неліктен Қазақстан телеарналарының өнімдерін тұтына алмайтыны. Одан да толғандыратыны: сол өнімді өндіріп жүрген журналистер мен олардың басшылары бұл мәселеге неге былқ етпейді? Бұл жайында менің жазбаған, шықпаған жерім жоқ, бірақ бәрі де «Ештеңе істей алмаймыз,Жәке» деумен шығарып салады.  Менің көтерген мәселеме «Хабар» тарапынан ешбір тітіркену болмағасын, 31-арнамен бірігіп тергеу жасағаным бар еді, ақыры ол да аяғына жетпеді – оны ресейлік СТС сатып алып, мәселенің басына су құйды.

Сіздер Мәдениет-Білім арнасының баяғы Ямал жерсерігінен 90  шығыстық бойлықпен таралатынын білесіздер ме?
Былтыр Мәдениет телеарнасы бір аптаға жоқ болып кетті, бұл турасында маған осы арнаның техникалық басшылығына екі рет шығуыма тура келді. Содан әлгі «жоғалған» арна эфирге қайтып оралды. Айтқым келетіні -  Ямал өте осал жерсерік, оның қызмет қоржынының сигналы өте әлсіз, тіпті антенна қойғыш тәжірибелі кісілер де бұны ұстай алмай әуре болады. Біз әлі сол советтік жүйеден шыға қойған жоқпыз.  
      Бұл арналарды неліктен Казсат-2 жерсерігіне аудармасқа, одан бәрібір ешкім қарамайтын облыстық телеарналардың сапасыз өнімдері таралуда. Бұл арналарды шекаралас аймақтардан қабылдау әжептәуір жақсы.   

Одан да дұрысы – Қазақстан арналарын Eutelsat мен  Intelsat топтамаларындағы жерсеріктерден тарату. Мені тіпті біздің Жетінші арна шығыс бойлықтағы 13 градуста қалқитын Hotbird  серігінен таратылғаны есімді тандырды. Шын мәнінде контент пен авторлық құқықты ескерсек, бұл жерсерікпен ең әуелі Қазақстанның мемлекеттік телеарналары таралуы керек еді... Менің әлі күнге білгім келетіні, «Caspionet» пайда болғанда ең әуелі қазақтілді емес, орыс және ағылшын тіліндегі өнімдердің таралғандығы, менің факспен жөнелткен азаматтық талабымнан кейін ғана мемтілде көрсетім тарала бастады...Енді бұл арна орыс тіліндегі транскрипциямен ҚазақТВ емес КазахТВ болып атын өзгертіпті... Не деген мазақ!

Біз тәуелсіздік жылдары шетелге кеткен бір буын ұрпақты ескермей отырмыз.Олардың мемтілде ақпарат алуын тіпті қарастырып көрген емеспіз.

   Енді Отау ұлттық жерсеріктік телеарнасына көшейік – бұның жағдайы тіпті есалаң етерлік. Ашығын айтсақ, қарапайым халық жерсеріктік телеарнаны Қазсат-1 шыққаннан кейін бірден күткен еді. Оның қара басып жоғалғаны мәлім, меніңше Жаратқан бізді осылай жазалаған секілді.
   Біз әлі күнге дейін әлемдік стандарт болып табылатын жерсеріктік таратудың DVB  жүйесіне көшкен жоқпыз. Бұны бір ғана тумблермен атқаруға болса да, қасақана қасарысып отырғандаймыз. Жалпы айтқанда, біз цифрлық жеріксеріктік таратымға 1997 жылы көшкен болатынбыз, сол кезден бастап «Отау» атап кірісуге болар еді.  

Жеке басым бұл мәселелердің барлығының төркіні ретінде мемлекеттік тілдің рөлін тарылту сценариімен байланыста екендігін сеземін.Егер де Кателко әлдекімнің коммерциялық мақсатына арналған ұрлық жоба болса, енді бұл қазақ мамандарының қолымен жасалған жүйе болып шығып отыр және де бұлай болғанына қайран қалумен ғана тынасың. Әуел баста Отау қоржынын іске қосарда  мен ақылы қоржыншаларды (пакет) тексергенде таң қалғаным - Euronews арнасында ағылшын тілді таратымның жоқтығы. Көрдіңіз бе, цифрлық технология сіз тілеген барлық мүмкіндікті атқаруға бейім, мәселе соны өз мақсатымызға жеге білуде ғой!

Енді бүгінгі Отауды көршілес елдердегі қандастарымыз көру үшін кәдімгі қол телефондағы құсбелгіні қоя салса жеткілікті.Әрине, егер де бұған Қазақстан телеарнасындағы қожайындар мен ұжымның ықыласы болса ғана. Бізде бар мәселе ықыласқа келіп тіреліп тұр, мүмкіндіктің бар-жоғына емес. Айтқым келгені де осы еді.

 

Жанат Аймағанов                 

Астана қаласы

Abai.kz

0 пікір