Бейсенбі, 23 Мамыр 2024
46 - сөз 6482 0 пікір 21 Шілде, 2014 сағат 10:04

ҚАДІР ТҮНІ

Қадір түні

 

Көз алдыңнан кетпесін қабір, түрің,

Кәлиманы серт етсін қаның, тілің.

Мұсылманға сыйлық боп келдім дейді,

Қасыңда тұр қол созсаң Қадір түнің.

 

Қадір түнің қасыңда шақырады,

Самайыңа тиіп тұр жапырағы.

Қасиетін сезінген жан иесі,

Ақыретте кәусарды сапырады.

 

Үзілмеген амалың тамып тасқан,

Әдет керек осындай қалыптасқан.

Қара түннен адаспай табады екен,

Жүректегі шамшырақ жарықты ашқан.

 

Қадір түні Алланың Рахымы,

Жолығады жетсе егер құл ақылы.

Рухыңды тыңдасаң алдамайды,

Сондықтан ғой жүректің бұратыны.

 

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2625
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2657
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1718