Жұма, 26 Сәуір 2024
Телекөпір 5550 0 пікір 22 Шілде, 2014 сағат 12:20

ШЕНЕУНІКТЕР МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН АЙТТЫ

 

 

Кеше «Хабар» арнасының тікелей эфирінде Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде алдағы 1 қыркүйектен басталатын Мүлікті жария ету акциясына байланысты телекөпір өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов, Өңірлік даму минситрі Болат Жәмішев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Кравченко А.Н., ҚР Әділет министрінің орынбасары Әбдірайым Б.Ж., Ұлттық банк төрағасының орынбасары Кожахметов К.Б.   қатысты. Назарларыңызға аталған телекөпірдегі кейбір маңызды сұрақтар мен жауаптарын ұсынып отырмыз.

Сұрақ: Біз осы Талапкерге келгенде, әкімшілік бізге жер бөлді. Акиматтың (әкімшіліктің) жер бөлу туралы шешімі қолымызда. Бірақ әлі жердің актісін алған жоқпыз. Жерімізге үй салып алдық. Осы үйді заңдастыра аламыз ба?

БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМ: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскесін беру туралы мәселені шешу және жер учаскесіне мемлекеттік акт беру жергілікті атқару органдарының құзыретіне жатады.

         Егер Сізде жер учаскесін беру туралы шешім болса, бірақ оған мемлекеттік акт алынбаған жағдайда, Сіз осы құжатты алу үшін тиісті әкімдікке жүгінуіңіз қажет.

         Сізге мемлекеттік акт берілмеген жағдайда, Сіз өз құқықтарыңызды қорғау бойынша сот органдарына жүгіне аласыз.

         Мемлекеттік актіні алғаннан кейін, Сіз оны Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әділет органдарында тіркеуіңіз қажет.

Осы рәсімдерден кейін ғана, Сіз өз үйіңізді заңдастыру бойынша акцияға қатыса аласыз.

 

Сұрақ: Наиболее заинтересованы темой  жители Алматы, Шымкента, Астаны. Отмечу, что ни один вопрос не останется незамеченным. Абсолютно все обращения будут обработаны экспертами, ответы будут доступны в аккаунтах соц.сетей и на сайте электронного правительства.   И вот самые распространенные вопросы. Какие документы необходимо представлять в комиссию для легализации имущества, где находятся эти комиссии, и когда стартует легализация?

БОЛАТ ЖӘМІШЕВ: Заңға сәйкес мүлікті жария ету үшін комиссияға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) мүлiктi жария етуге өтініш, екi данада;

2) өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, түпнұсқасын көрсету қажет;

3) ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген аттестатталған сарапшының қорытындысы;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.

Осындай комиссиялар барлық әкімдіктерде бар. Жария ету процесі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

 

Сұрақ: Осы уақытқа дейін бізде екі мәрте мүлікті заңдастыру (жария ету) шарасы өткені белгілі. Осы екі шарада қанша қаржы заңдастырылды? Және алдағы мүлікті жария ету акциясынан қандай нәтиже күтеміз?

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ: Иә, шынымен-ақ жария етуді өткізуде Қазақстанның тәжірибесі бар. Алғашқы ақшаны жария ету Қазақстан Республикасында 2001 жылғы шілде-тамыз айларында бір ай бойында өткізілді. Жария ету ол кезде бір жолғы акция түрінде, сол өткізу кезеңіне ҚР азаматтарының  екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен өткізілді. Амнистия нәтижесінде Қазақстан Республикасының шамамен 3 мыңға жуық азаматы 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария етті.

2006-2007 жылдары жария етуге тек қана ақша емес, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатқызылды. Осы ерекшелікті, сондай-ақ мерзімдерін ұзартуды ескере отырып, акция анағұрлым созылмалы сипатта болды және бір жылдан астам уақыт -  2006 жылғы 3 шілдеден бастап, 2007 жылғы 1 тамызға дейін өткізілді. Сол кезде мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 10% мөлшерінде алым алу көзделген.

Осы акцияны өткізу нәтижесінде:

 - шамамен сомасы 845 млрд. теңге немесе шамамен 7 млрд.АҚШ долларына (8,3% к ВВП 2006г.) мүлік жария етілді, оның ішінде ақша – 538 млрд. теңге (бүкіл мүліктің 63,7%-ы), жылжымайтын мүлік – 236 млрд. теңгеге;

- республикалық бюджетке шамамен 60 млрд. теңге немесе 483 млн. АҚШ доллары (жария ету үшін алым) түсті.

Сұрақ:Ақшаны жария еткенде ол қай уақыттан бастап заңдастырылған болып танылады? Банктің есеп шотында сақталатын бес жылды, яғни толық мерзімді күту керек пе?

КУАТ  КОЖАХМЕТОВ: Осы Заң бойынша ақша заңды деп банкте немесе қазпоштада ашылған арнайы жинақтау шотына салған сәттен бастап заңды деп танылады. Ол үшін олар тиісті құжат береді. Сол себепті бес жыл күтудің қажеті жоқ.

 

Сұрақ: А можно дополнить вопросом,  часто задаваемым    в call- центр. На многих дачных участках построены добротные жилые дома, можно сейчас будет легализовать это жилье?

БОЛАТ ЖАМИШЕВ:

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы ғимараттар жария етуге жатады. Ғимараттар құрылыс талаптарына және жер учаскесінің мақсатына сәйкес келу керек. Саяжайлар, ғимараттар тек өзінің мақсатына қарай жария етіледі, оның жер учаскесі жеке меншікте болуға тиіс және құрылыс талаптарына сәйкес болу керек.

Сұрақ: Жылжымайтын мүлікке техпаспортты қалай аламыз? Ол қанша уақытта жасалады?

БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМ: Жария ету аясында, егер Сізде жер учаскесіне мемлекеттік акті болса, құрылысқа техникалық төлқұжат алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасуы мекенжайы бойынша тиісті құжаттар тізбесімен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініңіз қажет (өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжаттар; алым сомасын төлегенiн растайтын құжат).

         Техникалық төлқұжатты әзірлеу мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жасалынады.

Атап айтсақ, пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күнi берiледi және оның бағасы мүліктің аумағына байланысты 3 мың. теңгеден жоғары болады.

Басқа жылжымайтын объектілерге техникалық төлқұжаттар олардың аумағы мен күрделілігіне байланысты 20 жұмыс күніне дейін жасалады.

Көрсетілген мерзімдерге Жылжымайтын мүлік орталықтарының қызметкерлері Сізбен келісе отырып, техникалық зерттеу жүргізу үшін объектіге бару және оның нәтижесінде техникалық төлқұжатты әзірлеп, Сізге беру кіретінін қосымша атап өтемін.

 

Тележүргізуші: Әлеуметтік желілер арқылы бізге жылжымайтын мүлікке байланысты мынандай бір сауал келіп түскен екен. Шет елдегі жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы сұрақ. "Менің Барселонада үйім бар. Қазір іс жүзінде екі елде өмір сүріп жатырмыз. Күз бен қыста Испанияда боламыз. Қазақстан азаматтарымыз. Бізге осы мүлікті заңдастыру қажеттілігі бар ма? Және қандай шарттармен заңдастыру жүреді? Өйткені техникалық сарапшылар Қазақстаннан Испанияға бармайтын шығар?" Бақыт Тұрлыханұлы, шетелдік жылжымайтын мүлкі бар азаматтар осы акциядан не ұтады? Және осы бір мысалдағыдай жағдайда заңдастыру қандай тәртіппен жүреді?

 БАХЫТ СУЛТАНОВ: ҚМ жауабы (қаз.): Акция бар мүлікті жария ету және заңды айналымға енгізу мүмкіндігін береді. Біріншіден, бұл алдымызда тұрған жалпыға бірдей  декларациялаудың енгізілуімен байланысты, азаматқа кейіннен оны қорықпастан декларацияда көрсетуі үшін, мүлкін қазір жария етіп алу құқығы беріледі.  Екіншіден, шет елдегі мүлікті жария ету кезінде  жария етілген мүліктің құнынан жария ету үшін алынатын 10% мөлшеріндегі алым мемлекет бюджетіне түседі.

 

Сұрақ: Заң бойынша мүлікті оралмандар да заңдастыра алады деп жазылыпты. Олар Қазақстан азаматтары емес пе? Неге бұлай бөлген? Әлде оралмандарға артықшылықтар бар ма?

БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМ: «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес оралмандар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары. 

Осыған байланысты, жария ету туралы Заңға сәйкес оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар мүлікті жария ету субъектілеріне жатады (1-бап, 4)тармақша).

Abai.kz

0 пікір