Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6163 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 14:59

SCAT әуе кемесі тетігінен ақау шықты

SCAT әуе компаниясына тиесілі Алматы-Қарағанды бағытындағы ұшақ бүгін, 31 шілде ұшу алдында тетігінен ақау шығып, екі сағатқа кешігіп әуеге көтерілді. Бұл туралы ИА Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Таңертең 7:10-да ұшуы керек болған DV-781 Алматы-Қарағанды рейсіне жолаушылар отырғызылып, қозғалтқыш қосылғаннан кейін экипаждар стартер қосылмай қалғанын байқаған. Яғни шырақтар жанбай қалған. Сол себепті жолаушылар түсіріліп, екі сағаттан аса жөндеу жұмысынан кейін, ұшақ 9: 35-те көкке көтерілген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір