Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4436 0 пікір 6 Тамыз, 2014 сағат 18:54

Елбасы: Елдегі алып-қашпа әңгімелерді мемлекеттік қызметшілер таратады

 

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет құрылымындағы өзгерістерді жарияламас бұрын, мемлекеттік қызметшілер тарапына біраз сын-ескертпелерін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz. 

Президент өз сөзінде: «Ықшам үкімет керек бізге. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы мәселелерді толығымен өздігінен шешпейді, өз міндеттері бойынша шешімдер қабылдамай, барлығын үкіметке жүктейді. Министрлер жауапкершілікті өз мойнына алмайды, жиналыстардың бірінен соң бірін өткізеді. Тәртіпке келтіру керек. Кесте болу керек, үкіметтің, министрліктердің барлық кеңестері сейсенбі өтеді, түске дейін - үкімет отырысы, түстен кейін министрліктерде өтеді. Болды, адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер. Облыстарда айқын кесте жасау керек, әйтпесе, кейбіреулер отырыстарда бекерден-бекер отырып, әңгіме соққанды жақсы көреді. Содан кейін алып-қашпа әңгімелер таратады. Елімізде барлық дақпырт әңгімелерді мемлекеттік қызметшілер таратады. Мен мұны жақсы білем. Компьютер алдында отырып алып, түрлі нәрселерді сөз етеді, ондайларды ұстап, жазалап, жұмыстан шығару керек. Бақылау жүргізу үшін бізде барлық мүмкіндік бар», - деген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1163
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032