Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Дода 7034 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 09:22

«Қазақстан дауысы»: тәлімгерлер не дейді?

«Қазақстан дауысы»: тәлімгерлер не дейді?

 

«Қазақстан дауысы» ұлттық ән жобасының қазылары мен тәлімгерлері шоудың екінші маусымында өзгерген жоқ. Олар - танымал әншілер Нұрлан Албан, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова және Алмас Кішкенбаев. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы Рауан Есқали мәлімдеді.

Шоудың тағы бір ерекшелігі - тәлімгерлер  үміткерлерге сын айтып, ескерту жасамайды. Өз қамқорлығына алған топтағы әншілермен  жеңіске жету жолында  тығыз  байланыс орнатып, жұмыс істейді. Кәсіби шеберлігін шыңдауға көмектеседі. Тәлімгерлер  бұл кезеңде өз тобында іштей іріктеу өткізеді. Екі әнші бір әнді қатар айтып өзара сайысқа түседі. Жолы болған үміткер келесі кезеңге өтеді. Жартылай финалда үміткерлер тікелей эфирде өнер көрсетеді.  Бұл кезеңде үміткерлердің кейбірін көрермен СМС дауыс беру арқылы  жобада қалдыра алады. Бірқатары тәлімгердің қалауы бойынша келесі кезеңге өтеді. Қалған өнерпаздар  өзара  сайысқа түседі. Ақтық сында әр топтан бір бір үміткерден іріктеліп, бас жүлде үшін бақ сынайды. Олардың біреуі ғана «Қазақстан дауысы» иесі атанады.

Жаңа маусым қарсаңында біз «Қазақстан дауысы»  жобасына тәлімгер ретінде қандай баға бересіз?» және «Жобаның жаңа маусымынан не күтесіз?» деген 2 сұрақ жолдаған едік. Енді соған назар аударсақ.

 

Нұрлан Албан

1. Бұл жобаны музыканы жан-тәнімен сүйетін, музыкалық сауаты бар, осы бағытта жұмыс істей алатын, тәжірибесі мол мамандар жасап жатыр. Сондықтан «Қазақстан дауысы» тележобасының деңгейі жоғары. Теледуманның ұйымдастырылуы, шығармашылық топтың қатысушыларға және тәлімгерлерге ықыласы ерекше. Өзім бұл думанның басы-қасында жүргеннен кейін сеніммен айта аламын. Дәл осындай бағдарлама қазақ телевизия тарихында бұрын-соңды болмаған.

2. Өздеріңіз білесіздер, былтыр менің тобымда өнер көрсеткен Шахаризат Сейдахмет жеңіске жетіп, үмітімді ақтады. Биыл да осы межеден көріну үшін бұрынғыдан да көбірек еңбек етуіме тура келеді. Жаңа маусымда да жас дарындардан топ жасақтап, тағы бір таланттың бағын ашқым келеді.  

 

Алмас Кішкенбаев

1. Шетелде жасалған «Дауыс» атты тележобаны ғаламтордан көргенімде осындай бағдарлама Қазақстанда да дайындалса екен деп армандап едім. «Қазақстан дауысы» бізде түсірілетінін естігенімде, сонымен қатар, оған тәлімгер ретінде мені шақырғанда қатты қуандым. Мұндай сапалы, музыкалық үлкен бағдарламаға қатысудың өзі әрбір әнші үшін мәртебе.

2. Бірінші маусым аяқталғаннан кейін арада жарты жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде өткенді саралап, ой қорытуға мүмкіндік болды. Менің тобымдағы әншілер бірінші орынның тұғырынан көрінбегенімен, дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті.  Жаңа маусымда нағыз дарын иесін таңдаймын немесе олар мені таңдайды деп үміттенемін. Елімізде жас таланттар өте көп. Тек солардың биікке көтеріліп, сахнадан өз орнын табуына септігім тиіп жатса, миссиямның орындалғаны деп білемін. Теледуманның жаңа маусымы былтырғыдан ды қызығырақ, тартысты, көңілді өтеініне сенімдімін.  

 

Мадина Сәдуақасова

1. Бұл әлемнің әр елінде өтіп жатқан рейтингісі жоғары жоба гой! Бағдарламаның біздің елімізде әншіге де, көрерменге де қызық болғанын әрі осындай жобаның керек екенін бірінші  маусымда байкадық! Соңғы жылдары егер көрікті келбеті болмаса, дауысы мықты әншілерге сұраныс болмай қалды. Ал осы жоба нағыз талантты танытуға мүмкіндік береді. Сондай дарын иелерін таңдап алып, олармен бірге жұмыс істеу, дауыстарына лайықты әндерді сұрыптай білу үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл тәлімгерлер үшін де үлкен сынақ. Ал жобаға мен ең жоғары, «бес» деген баға беремін.

2. Жаңа мауысымда осы жобаға дауысы бірінен бірі өткен жас таланттардың келгенін қалаймын. Осы жолы менің тобымдағы әншілердің бірі «Қазақстан дауысы» атанса екен деп тілеймін. Сол үшін мен қолымнан келгенше тырысып бағамын.

 

Медеу Арынбаев

1. Көптің көңілінен шыққан жобаның жалғасын тапқанына қуаныштымын. Былтыр еліміз бойынша қаншама жас келіп, ән байқауында бақ сынап еді. Жобаның беделі артқанын байқаған өзге әншілер де биыл шет қалмауға, көзге көрініп, өз өмірін өзгертуге тырысатын шығар. Өз тобына мықтының мықтысын алу үшін тәлімгерлер де барын салады. Осындай  халықаралық жоба бізге керек. Ал ұйымдастырылу деңгейіне келетін болсақ, өзге елде өтіп жатқан «Дауыс» бағдарламаларынан еш кем емес. Өйткені, жобаға шақырылған дыбыс режиссері, жарық берушілер, операторлар, продюсерлер, қоюшы режиссер, барлығы да кәсіби мамандар, қорыта айтқанда, мықты команда жасақталған. Сондықтан  жобаның сапасы, рейтингісі жоғары.   

2. Әдемі, ашық дауыс бір ғана адамның меншігі емес, ол халықтың байлығы. Кең тынысты, жағымды қазақы үн тыңдарманның құлағына жетуі тиіс. Сондықтан қазақтың талантты ұл-қыздарын «Қазақстан дауысына» қатысуға шақырамын. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар. Жобаның қызықты өтуі біздерге ғана емес, жанкүйер қауым, сіздерге де байланысты. Жаңа маусымда ерекше үні, таудай талабы бар, қазақ эстрадасының болашақ жұлдыздарын көргім келеді. 

 

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan   

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1374
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1206
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1048