Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Мәйекті 7977 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 09:44

Апыр-ай, қайда соғып тынар екен?

Апыр-ай,  қайда соғып тынар екен?

           Орыс көп халық, оның ішінде де әртүрлісі бар. Мен солардың ішінде әсіреұлшылдары туралы айтпақпын. Қазір Ресейдің   БАҚ-тары солардың сөздерін сөйлеуде. Барлық БАҚ-тың құлағын ұстап отырған жарым-жартылайғы еврейлер, украиндар, татарлар қорыққандарынан, жаппай солардың ауанымен кетті. Бір әділетті сөз естімейсің. Тек, жалғыз-ақ «Новая газета» деген басылым ғана сау қалды-ау деймін. Бірақ оған да қысымшылықтар жасап жатқан көрінеді. «Россия-24» дегені өтірікті тіпті қисынсыз соғады. Дондағы Ростовты украиндар атқылап кетті дегенді аузы-мұрны қисаймай айтады. Әрине, украиндардың киімін киіп алып (баяғыдағы бандершілердің киімін киіп алып бейбіт халықты қырып кететін НКВД-шылар сияқты) атыс жасап кеткен ФСБ-шылар дейін десең де қираған ештеңені, өлген адамдарды көрсете алмайды. Ендеше арандатушылығы жоқ таза өтірік қой. Соны қайта-қайта айтады. Украиндар бас қайғысымен болып жатқанда Ростовты атып не қылсын? 

         Ал Соловьев, Жириновский сияқты саясаткерлері ауыздарына не келсе, соны айтуда. Сөздеріне қарасаң өздерінен басқалардың бәрі оңбаған, ақымақ. Әсіресе, американдықтар адам емес.  Тек қана өздері жақсы, әйбат, гуманист, ақылды, т.с.с. Сааакашвили ме, ол оңбаған, оны американдықтар өсірген, соған дауыс беріп, президент сайлаған грузиндер «ақымақ». Ющенко Америкаға барған жоқ, алайда ол әйелі арқылы «сатылған». Порощенко американдықтардың жаңа өнімі т.с.с. Осылардың бәрін айтып-айтып келіп, әдейі жинап алған шовинист тыңдаушылардың қоштап қол соғуымен ұлыорыстық идеологияны жандандыруымыз керек, біз қайтадан күшеюіміз керек деп ауыздарынан қоқсық атады. 

         Апырм-ай, әлемдегі ең жақсы халық орыстар болса – неге олар жаман тұрады? Балта, күрек, айырдан басқа істеген затының бәрі неге сапасыз? Жұрттың бәрін неге жау көреді?   Неге өздерін басқалардан артық санағысы келеді? Жұрттың озғанын немесе озуға ұмтылғанын неге көре алмайды?   Осы сұрақтарды қойсаң – жауап таба алмаған адам жарылып кетер еді.

         Осының бәрін көріп, оқып отырып, апыр-ай, мына ньюфашистер қайда соғар екен деп кәдімгідей басыңа қайғы аласың? Өте қауіпті, ағайын. Ойланып жүрейік, өтіріктеріне алданбайық.

Кәрім Жексенбаев, зейнеткер

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1394
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1221
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1057