Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3943 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 11:46

Жекешелендірудің алғашқы аукционы 29 тамызда өтеді

 

Қазақстандағы жекешелендіру науқанына байланысты "Авиациялық оқыту орталығы" ЖШС 256 млн теңгеге сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gosreestr.kz порталына сілтеме жасап. "Авиациялық оқыту орталығы" ЖШС сатуға қатысты коммерциялық тендерді өткізу 29 тамызға жоспарланып отыр.

Кәсіпорынның жаңа иесі бес жылға дейін негізгі профильдік қызметті сақтауы тиіс. Сауда мемлекеттік реестр порталында өтпекші. Бұл жерде жоғары баға ұсынған қатысушы жеңіске жетеді. Бұдан сәл ертеректе хабарланғандай, ЖШС 2012 жылдың қаржылық қорытындысы бойынша кіріс ретінде 75,6 млн теңге тапқан болуы тиіс.

Сондай-ақ, аукцион әдісі бойынша "Қазақ туризм және спорт академиясы" АҚ 20%-ы жекешелендіріледі. Акцияны сату сағат 29 тамыз күні 10:00-де басталады. Жоспар бойынша 43 575 акция сату көзделген. Бастапқы меже 222,6 млн. теңгеге бағаланып отыр. Бір мезетте "БИ-ЛОГИСТИКС" АҚ кәсіпорның аукцион аясында сату қарастырылған. Оның бағасы 752,4 млн. теңге. Жоспарға сәйкес, 100%-ы яғни, 1 536 001 акциясы толығымен сатылады.

Естеріңізде болса, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жекешелендіруді өткізу кезінде жоғары лауазымды тұлғалардың туыстарының қатыспауын талап еткен-ді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз кезегінде, жекешелендіру қорытындысы бойынша, 2014-2015 жылдары ел экономикасына екі триллион тарту жоспарланып отырғанын жеткізді. "Бюджет 100 млрд теңгеге толықтырылуы мүмкін", - деді ол. Оның сөзінше, елімізде жекешелендіру 853 нысанға жүргізіледі. Ал жыл соңына дейін олардың 295-і сатылмақ.

Жекешелендіру туралы сөз шыға қалған тұста оған бір қатар мемлекеттік нысандардың да, атап айтсақ “Республика сарайы”, “Қазақфильм”, “Қазақ Энциклопедиясы” сияқты орындардың да жекешелендіруге қатысатыны айтылған. Бұған бір топ депутаттар қарсы болған болатын. Тәуелсіздік жаңа алған тұста көптеген мемлекеттік мекемелер арзан бағамен жекешеленіп кетті. Соның зардабын мемлекет әлі тартып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір