Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3335 0 пікір 1 Мамыр, 2010 сағат 13:02

1 мамырда Алматы қаласының әр түрлі алаңдарында 70-тен астам әр түрлі шаралар ұйымдастырылды

Алматы. 1 мамыр. ҚазТАГ - Қала билігі Алматынының әр түрлі алаңдарында 1-ші мамырда 70-тен астам ірілі-кішілі әр түрлі шаралар ұйымдастырды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілуде. Қаланың барлық аудандарында этно-мәдени орталықтардың, эстрада әртістерінің, би ұжымдарының, сондай-ақ Алматыға халық бірлігі күнімен құттықтауға арнайы келген туыстас елдердің әр түрлі өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Жас алматылықтар мен жастар әр түрлі спорттық жарыстарда қатысуда. Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалалықтардың Жеңістің 65 жылдығына арналған құттықтауларын қабылдап жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қала әкімі Ахметжан Есімов Абай алаңындағы мерекелік салатанатқа қатысты. Ол қалалықтарға көненің көзіндей болған - халық-тұтыну өнерінің, ұлттық тағамның, киім мен концерттік номерлердің үлгілерін көрсеткен  33 этно-мәдени бірлестіктің көрмесіне барды.

Әкім Алматылықтарды мерекемен құттықтай отырып, Қазақстанда халықаралық деңгейде танылған мәдениетаралық диалогтың өзінше үлгісі қалыптасқанын атып өтті. Этностар арасындағы келісімді қамтамасыз ету басымдылығы Қазақстанның даму стратегиясында көрініс тапқан. «Осының арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен өзара түсіністік қалыптасқан. Бұл кез келген мемлекеттің экономикалық өркендеуінің негізгі шарты. Дәл осы фактор көп жағдайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығына септігін тигізді. Бұның өзі халықаралық қауымдастықтың біздің экономика мен ішкі және сыртқы саясаттағы жетістігімізді мойындағанының көрінісі», -деп атап көрсетті А. Есімов, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бүгінге Алматыда 33 қалалық және 17 республикалық этномәдени бірлестік бар және оларға қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отыр. Қалада 4 ұлттық мемлекеттік театр бар, 10 ұлттық газет шығарылады, телевидение 5 тілде, радио 7 тілде хабар таратады. Одан басқа, Қазақстан халқы ассамблеясының интернет-порталы бар. Мұның барлығы қаланың мәдени әлеуетінің өркендеуіне үлкен үлес қосады.

А. Есімов сондай-ақ мемлекеттің этнос аралық қарым-қатынастағы жұмысының маңызды бағыттарының бірі теңгермелі тіл саясатын жүргізіп отыруы болғанын атап өтті. Қазір мемлекеттік тілді азамматтардың игеру үдерісі жүріп жатыр.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткендей, «біздің негізгі мақсатымыз - ол біздің Отанамыз - Тәуелсіз Қазақстан». Біздің көпұлттан құрылған біртұтас отбасы болып қалыптасқанымыз айдан анық. Және бүгін мен қаланың барлық тұрғындарын Қазақстан халқының достығы мен бірлігі мерекесіне шын жүректен қош келдіңіздер дегім келеді», - деді А. Есімов, қазақстандықтарға денсаулық, табыс, бейбітшілік пен сәттілік тілей отырып.

0 пікір