Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Қаза 10139 0 пікір 11 Тамыз, 2014 сағат 16:12

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ҚАРА НАРЫ – ҚАЛИХАН ЫСҚАҚ ДҮНИЕ САЛДЫ

Бүгін, әйгілі жазушы, қазақ прозасының қара нары – Қалихан Ысқақ дүние салды.

Қалихан Ысқақ – ХХ ғасырдың орта шенінен басталған қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің ұшар басында тұрған қаламгер. Жазушының шығармаларындағы құнарлы тіл, қуатты ой, замана бейнесі, адамдардың терең психологиясы мен портреті  мың сан оқырманның жан-дүниесінде төңкеріс жасап, әлденеше буын ұрпақты тәрбиеледі. Қаламгердің ізін басып әдебиетке келген бірнеше буын жазушылар Қалихан Ысқақ прозасын бағдар етті. Сөйтіп, қазақ прозасындағы Қалихан мектебі қалыптасты.

Қалихан Ысқақ көркемсөз өнерінде қайталанбас суреткер. Оның қаламынан туған әрбір кейіпкер, әр сөз әдебиеттің алтын қазынасы.

Қазақ әдебиетін өр биікке көтерген Қалихан Ысқақтың қазасына байланысты отбасына, туған-туыстарына, оқырмандарына, қаламдас інілері мен замандастарына, барша қазақ халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Қош бол, қазақ прозасының қара нары!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2111
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609