Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5618 0 пікір 20 Тамыз, 2014 сағат 17:04

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған 353 бала есірткімен уланған

Қазақстанда есірткіге тәуелді 353 бала бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева мәлім еткен. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Орталық директоры: «Қазіргі таңда бізде есірткіге тәуелді болғандықтан, арнайы есепке алынған 353 кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті азайтуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілудің нәтижесінде көрсеткіштер айтарлықтай төмендеп отыр», - деген.

Оның сөзіне қарағанда, есірткіге тәуелділіктің жолын кесуге бағытталған жұмыстар мектептерде кеңінен жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ белгілі салада зор жетістікке жеткен балаларды үлгі ету арқылы мектеп оқушыларын бастауыш сыныптардан бастап салауатты өмір салтына бейімдеу қажет.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар