Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4663 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 19:27

Назарбаев Порошенкоға “Путинмен көзбе-көз сөйлес” деп кеңес берді

Президенты Казахстана и Украины Нурсултан Назарбаев и Петр Порошенко в Минске

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентімен кездесуде Қазақстанның Украинамен қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын екенін және Қазақстанның бұл елдегі ахуалды жылдам реттеуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Шындығында, Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастар әрқашан татуластықта болды. Соңғы жылдары біз көптеген бірлескен кәсіпорын тұрғыздық, бізде көптеген бірлескен жоба бар, соның бәрі бізге кедергі келтірмеуі керек. Қазір қалыптасқан ахуал мені қатты алаңдатады. Мен ойлаймын, ең бастысы, Сізге Путинмен көзбе-көз сөйлесу қажет. Ресей үшін де, Украина үшін де, меніңше, ақиқат сағаты туып отыр. Бұдан ары қарай қантөгіс жалғаспауы керек, қарапайым адамдар зардап шегіп жатыр, қазір осы туралы айтқан жөн", - деген Назарбаев Порошенкомен кездесуде.

Абай-ақпарат

 

0 пікір