Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Мәйекті 20031 1 пікір 1 Қыркүйек, 2014 сағат 18:24

МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕКЕНІ

Қазақ даласының кең тынысын күй мен жырға арқау еткен асылдарымыз ел тарихының алтын парақтарында өз үлесін таңбалап кеткен. Халқының мұң-зарын қобыздың ащы үнімен сөйлетіп, қуанышын домбыраның қоңыр үніне сыйдырта алған текті бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы  осындай құнды жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап келеді. Ал, осы ұлт мәдениетінің жауһарларын сіз Алматыдағы Қазақ Халық Музыкалық Аспапатары Музейінен кезіктіре аласыз. Міне кешегі күннің күмбірін естіп білуге құштар біздің топ аталмыш музей үйге барып, арнайы фоторепортаж әзірледі.

01+

01 халық аспаптар музейі

▲ Мұражайдың ғимараты ағаш ұсталығының ғажайып үлгісі санатында әрі тарих және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған. Бұл ғимарат 1908 жылы Верный қаласының атақты архитекторы А.Зенковтың жобасы бойынша Пушкин скверіне салынған. Бүгінде ол Алматы қаласының тарихи-мемориалды кешені саналатын 28 панфиловшылар паркінде орналасқан.

02 халық аспаптар музейі

▲ Ең алғаш Қазақ Халық Музыка Аспаптар Музейі өз есігін көрермендеріне 1980 жылы айқара ашты.

03 халық аспаптар музейі

▲ Отыз жылдан астам тарихы бар Қазақ Халық Музыка Аспаптар Музейі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында теңдесі жоқ Қазақ музыка мәдениетінің баға жетпес қазынасы, мақтанышы.

04

▲ Музей пайда болғалы, көп жылдар бойы көптеген ұлттық музкалық аспаптар коллекциясы жинақталды. Бұлар – маңызды бөлігі атақты орындаушы-композиторлаға жататын, өзінің бірегей тарихы мен мағынасы бар мыңнан астам экспонаттар.

05

▲ Келіп көрушілерге жеті көрмесөре залдары қызмет көрсетеді: археология залы, соқпалы-шулы және үрлемелі аспаптар залы, мемориалдық-музыкалық аспаптар залы, домбыра мен қобыз залы, әлем халықтарының музыкалық аспаптары залы, уақытша көрмелер мен таныстырулар залы және кәсіби музыканттардың өнер көрсетуіне арналған концерттік зал.

06 халық аспаптар музейі

06+

▲ Мұражайда тақырыптық және жалпы шолу эксурсиялары үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жүргізіледі және экскурсия жүргізушілері балалар мен ересектерге қызықты, әсерлі және тартымды қылып түсіндіреді. Сонымен қатар көрермендер дыбыстық-гид қызметін де пайдаланып, ал егер аспаптар туралы, композиторлар хақында, орындаушылар жайында, шығармалар турасында жан-жақты ақпарат алып, тереңірек білгісі келсе, ауқымды дереккөздері бар  Media-Table қызметін пайдалана алады.

07

07+

▲ Мұражайда қазіргі қолөнер туындылары мен сыйбұйымдарды сататын дүкен де бар. Аспаптарды жасау және оларды тартып үйрену шеберлік сабақтары жүргізіледі. Музыкалық кафе де сізге қызмет етуге әзір. Музей коллекциясында Қазақстанның түпкір-түпкірінен көне музыкалық аспаптар мен Абай, Жамбыл, Махамбет, Әміре Қашаубаев, Дина Нұрпейсова, Нұрғисы Тілендиев сынды өнер майталмандарының аспаптары да жинақталған.

08 халық аспаптар музейі

▲ Жарас бақсының нарқобызы.

09

▲ Күйші, композитор Сүгір Әлиұлының домбырасы.

10 халық аспаптар музейі

▲ Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының домбырасы.

11

▲ «Ләйлім шырақты» шырқаған Біржан салдың домбырасы.

12

▲ Күйші Дина Нүрпейісованың домбырасы.

13

▲ Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары.

14

▲ Ортеке, домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындалатын ойын құралы.

15

16 халық аспаптар музейі

17

18

19 халық аспаптар музейі

20

21 халық аспаптар музейі

▲ Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ сияқты көптеген музыка аспаптары халық аузынан және жазба деректерден алынып,  халық шеберлерінің этнографиялық сипаттамасы бойынша жаңғыртылған.

Асқар БЕКОВ.

myprofession.kz/

1 пікір