Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 4778 0 пікір 15 Қыркүйек, 2014 сағат 17:28

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ "ҚАЗАҚЫЛЫҒЫ"

Қарағанды қаласында "Белорусская", "Ленина", "Жауынгер интерноциолистер", тіпті "Бензинная" деген көше бар. Бірақ енді солай екен деп Қарағандыны жақсы көрмеуіміз керек пе? Бір кісідей-ақ қазақпын деп жүрген бір бауырым "маған Қостанай мен Петропавл ұнаған жоқ" дейді бірде. Әй, бауырым-ай, ұнаған жоқ деген сөздің әр жағында осы жер бізге керек емес деген ой жатқан жоқ па? Қостанай мен Петропавлды білмеймін, Қарағандыда қазақтардың үлес салмағы 50 пайыздан енді асыпты. Өзіңіз ойлап көріңіз. Құдай бұйыртса, жетпіс бес пайызға жеткенде Байтұрсынұлы, Момышұлы, Рысқұлбеков деген көшелер болмаса, онда ренжуге болады. 
Қазір де ренжуге болады. Бірақ Қарағандыға емес, Қарағандының зиялысына. Тек қана Қасым мен Әлімханға ғана көше сұрамай, барлық Алаштың аяулы ұлдарына көше сұрап, мазаларын алып, қоймай қойса ғой, біреу-екеуі емес, бәрі солай істесе. Бензинная мен белорусская үшін әкімшіліктегілер қашанғы жүйке жұқартады? Бірақ бұл мәселе де қазіргідей қағазбасты заманда уақыт өткен сайын қиындай беретін шығар...
Пришахтинск Әлімхан қалашығы, Шахтинск Әлихан қалашығы, Федоровка Ахмет қалашығы, Михайловка Міржақып қалашығы боп өзгертілсе шіркі, ә? Мысалға ғой енді...
Бұл енді көптен бері айтқым кеп жүрген ой еді. Енді мына суреттегі ғимаратқа келейік. Бұл - зауыт. Үстіндегі жазуды көрдіңіздер - қазақша. 200-300 метр жерден еркін оқылатын жазу тек қазақша жазылған. Бер жағында да, әр жағында да орысшасы жоқ. Тек қазақша. Кеңсе ғимаратына кірсеңіз де солай, "кадрлар бөлімі", "жиын залы", "сауда жөніндегі орынбасар", осылай кете береді. Екі тілде немесе тек орыс тілінде оқып үйреніп қалған біз үшін тек қазақша оқу біртүрлі, шынын айтқанда. Бірақ тек дүниенің соңына түсіп кетпей, рухани дүниелерге мән беріп, өзінің қазақ екенін ұмытпай, ол аз десеңіз қазақтардың жағдайына күйініп, таусылып жүретін азамат осыны істеп қойған, мінекей. Бұл - бер жағы. Әр жағын айтсам, ұзаққа кетем...
Қазір осы жерде жүрмін, қысқасы. Ойға алған жұмыстардың біразын осында жүріп істесем бе деген ой бар, бұйырғанына қарай көреміз енді.
P.S. Үлкен қалада тұратын адам күніне 3000 жарнаманың "құрбаны" болады екен. Бүгін сол 3000-ның біреуі менің осы суретім болатын шығар, бірақ бұл тек жарнама емес, әрине. Бір жағы қазақша жазуға сүйсінгенім, бір жағы осында жүргенімді айтып қояйын деп.

(Арман Әлмамбеттің фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661