Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4655 0 пікір 21 Наурыз, 2014 сағат 16:30

Әз-наурыз мерекесін 30 мемлекеттің 300 миллионнан астам азаматы атап өтіп жатыр

Әз-наурыз мерекесін 30 мемлекеттің 300 миллионнан астам азаматы атап өтіп жатыр

Бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументі алдында өтіп жатқан Наурыз мейрамына арналған мәдени шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

«Қас-қағым сәт сияқты бар болғаны 23 жылдың ішінде Қазақстан танымастай болып өзгерді. Бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. Өскен-өркендеген елдермен терезесі теңесті. Күллі әлем сыйлайтын халық болдық. Ішіміздегі көп ұлтты, көп дінді халқымыздың бірлігін сақтап, соның арқасында еңбекпен өсіп, өркендеп келеміз. Болашағымыз жарқын. 2050 жылға дейінгі бағдарламамыз бар. 30 өскен-өркендеген елдің арасына кіреміз деген үмітіміз, жұмысымыз бар», - деді. Елбасы сондай-ақ Ұлыстың Ұлы күнін  30 мемлекеттің 300 миллионнан астам азаматы   қуанышпен атап өтіп жатқанын да айтты.

 Абай-ақпарат

0 пікір