Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8731 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 19:30

Шыңбұлақтың иесі 215 миллион доллар байлығы бар - Сержан Жұмашов

Шыңбұлақтың иесі 215 миллион доллар байлығы бар Сержан Жұмашов екенін Британдық Daily Mail газеті жазыпты.

Газет Британ ханзадасы Гарри мен оның көңіл қосып жүрген бойжеткені Крессида Бонас екеуі Шыңбұлаққа келіп дем алғаны туралы жаза келіп, Шыңбұлақ тау шаңғы кешенінің иесіне де тоқталып өткен.

Сондай-ақ, Қазақстан еуропалықтар үшін атақты демалыс орнына айналуы мүмкін екенін жазған басылым Алатау баурайларында жеті бірдей демалыс орнын ашу жоспарланып жатқанын да айтыпты.

Абай-ақпарат

0 пікір