Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4378 0 пікір 28 Наурыз, 2014 сағат 13:18

Ақмолдағы белгісіз дерт. Министрлер қайда қарап отыр?

Бұрындары хабарлағанымыздай, Ақмола облысында «ұйқышылық» дерті асқынып тұр. Тіпті аяқ асты ес-түсін білмей қалатындардың саны күн санап артуда. Тиісті мамандар жыл бұрын белгі берген бұл індеттің себебін анықтай алмай отыр. Ал жергілікті жұрттың айтуынша, бұл сол маңдағы уран кеніштері қалдықтарының әсері болса керек.

Ең жаманы, мұндай белгісіз әрі қауіпті дерт бүкіл елді жайламаса болғаны. Оған себеп те жоқ емес. Ресейдің әскери полигондары мен протон зымыранының «кесірі» бүкіл қазақ жұртына тиіп отыр. Бірақ мамандар бұл жағын ашық айтудан «жасқанатын» сияқты. Қазақта «ауруын жасырғанмен өлімі әшкере» деген әйгілі сөз бар. Ендеше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоршағаны ортаны қорғау министрлігі шетелдермен мамандармен бірлесе отырып, нақты жауабын бергені жөн.

«Абай-ақпарат»

0 пікір